jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Қысқа видеоларды жиі көрудің қандай кері әсері бар: ғалымдар мәлімдеме жасады

    Ұялы телефон ұстап тұрған ер адам. Көрнекі сурет
    Ұялы телефон ұстап тұрған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ғалымдар әлеуметтік желіде қысқа бейнероликтерді ұзақ уақыт көру зерігу процесін асқындыратынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Washington Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    TikTok немесе YouTube желісінде қысқа видеолар лентасын ұзақ уақыт көру зиян болуы мүмкін. Journal of Experimental Psychology журналында жарияланған соңғы зерттеудің тұжырымдарына сәйкес, бұл адамды одан сайын зеріктіруі ықтимал.

    Торонто университетінің зерттеушілері қысқа видеоларды жылдам айналдыып көрудің психологиялық әсерін зерттеу үшін эксперименттер жүргізді. Әдетте адамдар уақыт өткізіп, зерігуді жеңу үшін қысқа видеоларды көре бастайды.

    Психология зерттеушісі Кэти Тамның айтуынша, өзі бос уақытта қысқа видеоларды жиі көру әдетінен арылу үшін зерттеуді қолға алған.

    Ғалымдар видеоны ауыстыру кезінде зейіннің ауысу процесі жүреді деген қорытындыға келді. Адамдар өздері көріп отырған нәрсеге толық назар аударуға деген ұмтылысы төмендегенін, кадрды қарау кезіндегі шынайы сезімдер арасында сәйкессіздікті байқаған.

    Қысқа видео қызықтырмаса, жалығу сезімі пайда болуы мүмкін.

    Психология профессоры және зерттеудің бірлескен авторы Майкл Инзлихт зерігумен күресудің ең тиімді жолы – бір күйге еніп, соны сезіну, зерігуге қарсы тұруы мүмкін дейді. Оның пікірінше, адам өзіне зерігуге де мүмкіндік беріп, сол уақытта ештеңе қарамай, алаңдамай сол сезімді өткеруі керек.

    "Адамдардың зерігуге төзімсіздігі ағаштан ағашқа секіріп тамақ іздейтін, бірақ жан-жағына қарап, баға бермейтін жануарға ұқсайды", - дейді профессор Инзлихт.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.