jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте ерекше балаларға арналған QH оңалту орталығы ашылды

    Мүгедек арбасы
    Арба. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкентте ерекше балаларға арналған QH оңалту орталығы ашылды. Онда нейро-ортопедиялық ақаулары бар балаларға кешенді оңалту жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    ӨКҚ Instagram-дағы мәліметінше, бұл үшін орталыққа емдік дене шынықтыру және механотерапия залында аяқ-қолдарды дамытуға арналған "Балу жүйесі", "Террастейшн", "Тиго жүйесі", "Бос аппарат RT-300", "Корвит" нейросенсорлық медициналық құрылғылары орнатылған.

    "Қазақстан халқына" қорының қолдауымен ашылған оңалту орталығында сенсорлық, интерактивті, шунгитті және тұзды шахта, кәсіптік терапия, физиотерапия және бальнеотерапия кабинеттері бар.

    Денсаулық сақтау басқармасына қарасты №2 оңалту орталығында жыл басынан бері 1843 балаға кешенді оңалту ем-шаралары жүргізілді. Мұнда неврологиялық ақауы бар 18 жасқа дейінгі балалар кардиохирургиялық, ортопедиялық оталардан кейін оңалту процедураларын қабылдайды.

    Шымкентте ерекше балаларға арналған QH оңалту орталығы ашылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.