Жөтелді емдейді: дәрілік шалфейдің денсаулыққа пайдасы қандай
Жарияланған күні:

Шалфей иммунитетті көтеріп, жөтел мен етеккірдің тоқтауы кезінде пайдалы. Десе де, кей адамдарға оның зияны да тиюі мүмкін. Шалфейдің адам ағзасына пайдасы қандай және оның қалай ішу керек? Бүгінгі материалдан біле аласыздар.
- Шалфей - құрамында К дәрумені, антиоксиданттар және басқа да пайдалы заттары бар өсімдік. Ол жасушаларды қорғап, иммунитетті көтеріп, жөтелді емдеуге көмектеседі.
- Шалфейді шай, компресс немесе тағамға қосып қолдануға болады. Бірақ оны шамадан тыс пайдалануға болмайды, себебі құрамында нейротоксиндер бар.
- Шалфейді эпилепсия, жүктілік, гормонға тәуелді онкологиялық аурулар және басқа да жағдайларда қолдануға болмайды. Сондықтан оны пайдаланар алдында дәрігермен кеңесу қажет.
Шалфейдің пайдасы қандай
Шалфей - жапырағы, сабағы мен гүлдері емдік қасиетке ие және тағам дайындауда пайдаланылатын көпжылдық өсімдік. Шалфейдің сыртқы сипаты қандай? Дәрілік өсімдік өзінің түрі мен сұрпына қарай, биіктігі 45 см-ден 1,5 м-ге дейін өседі және және бір сабақтың бойында тізілген күлгін немесе ашық қызғылт түсті ұсақ гүлдерден тұрады.
Medical News Today медициналық басылымының хабарлауынша, шалфей К дәруменіне бай. Оның бір шай қасық кептірілген және ұсақталған түрінде, калийдің күнделікті тұтынуға қажет 10%-ы бар екен. Сол сияқты аз мөлшерде, оның құрамында магний, мырыш, мыс, А, С және Е дәрумендері, сондай-ақ органикалық қышқылдар (кофе, хлороген, розмарин, эллаг) және рутин бар.
Able to Change Recovery медициналық директоры, сертификатталған остеопат Рэндалл Тернер NUR.KZ-ке берген пікірінде шалфей туралы былай деп түсіндірді:
Шалфейдің құрамындағы антиоксиданттардың жоғары мөлшері, оны жасушаларды зақымданудан қорғауға және қабынуды азайтуға көмектесетін флавоноидтар мен фенол қышқылдары сияқты қосылыстардың арқасында бірегей етеді.

Шалфейдің қандай пайдасы бар? Өсімдіктің пайдалы қасиеттеріне төмендегілер жатады:
- жасушаларды зақымданудан қорғайды;
- микробқа қарсы әрекет етеді және иммундық жүйені қолдайды;
- қандағы холестерин мен глюкозаны төмендетеді;
- етеккірдің қатты келмеуіне әсер етеді;
- созылмалы аурулардың өршуіне және неврологиялық бұзылулардың дамуына жол бермейді.
Шалфейдің буындарға қандай пайдасы бар? Дәрілік өсімдіктің қабынуға қарсы қасиеті бар, сондықтан шалфей компресстерін артритке пайдалануға болады. Бұл жөнінде остеопат Рэндалл Тернер былай дейді:
Шалфей буындарға, әсіресе артрит сияқты қабыну процестері кезінде өте пайдалы. Оның құрамындағы розмарин қышқылы сияқты қосылыстардың қабынуға қарсы қасиеттері бар, сол себепті ол буындардың ісінуін және ауруын азайтады.
Шалфейден жасаған эфир майы косметологияда қолданылады, ал өсімдіктің кептірілген жапырақтары тамақ дайындауда танымал дәмдеуіш болып саналады.
Шалфейді қолдануға болмайтын жағдайлар
Шалфейдің кейбір түрлерінде туйон нейротоксині бар. Фармакология профессоры Олави Пелконен мен Оулу Университетіндегі оның әріптестеріның пайымдауынша, көп мөлшерде құрамында туйонның болуы зиян және ол жануарлар мен адамдарда демікпе тудыруы мүмкін. Мұндайға жол бермеу үшін, шалфей қоспаларын шамадан көп пайдалануға болмайды. Ал, эпилепсия болған жағдайда, дәрілік өсімдікті ішуге мүлдем тыйым салынады.
Бұл туралы Clinicspots медициналық кеңесшісі, тамақтану және диетология ғылымдарының магистрі Риа Хоул былай дейді:
Оның құрамында, туйон деп аталатын элемент жоғары дозада болуы мүмкін. Сол себепті оны пайдаланарда абай болған жөн, әсіресе шалфей майын қолданарда аса сақ болу қажет.
Сол сияқты маман Рэндалл Тернер былай деп ескертеді:
Бұл өсімдік қанды сұйылтатын дәрілермен, седативтермен немесе қант диабетін емдеуге арналған препараттармен әрекеттесе алады, сондықтан олардың кез келгенін қабылдау барысында, дәрігермен кеңескен жөн.
Шалфейдің гормоналды қасиеттері бар, сондықтан өсімдікті көп мөлшерде қабылдау ер адамдарда сүт безінің өсуі және сперматозоидтардың сапасын төмендеуі мүмкін.Оны гормонға тәуелді онкологиялық ауруларда және жүктілік кезінде ішуге болмайды, өйткені ол жатырдың жиырылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Шалфей препараттарын ішке қабылдауға бүйрек аурулары мен қатты жөтелі бар адамдарға ішуге тыйым салынады.

Шалфей эфир майы қышыну, терінің қышуы, ентігу, жөтел, есекжем, бас айналу сияқты аллергиялық реакция тудыруы мүмкін. Ешқашан шалфейдің эфир майын ішуге болмайды, ол ағзаның улануына әкеп соқтыруы мүмкін.
Шалфейді қалай дұрыс қайнатып, қабылдауға болады
Дәрілік өсімдіктен шай қайнату үшін, сатып алынған және өзіңіз жинап алған шалфейді қолдануға болады. Оны жинау үшін, толығымен гүлденген жапырақтар мен жаз бойы және күзде гүлдейтін өсімдіктерді алуға болады. Өсімдік гүлдену кезеңінде, оның құрамында эфир майларының ең көп мөлшері болады. Шалфей шайын ішуге бола ма? Шалфей шайы жөтелге көмектеседі.
Оны дайындау үшін, WebMD медициналық басылымы 1 ас қасық шалфей жапырақтарын 1 стакан қайнаған суға салып, 5-8 минут қайнатып, сосын сүзіп алуға кеңес береді. Сусынды ыстық күйінде ішкен пайдалы болады. Оған қалауыңызға қарай қант, бал, лимон, даршын немесе жалбыз, түймедақ сияқты басқа шөптерді қосуға болады.
Медициналық кеңесші Риа Хоул ол жөнінде былай дейді:
Салқындатылған шалфей шайын тамақ ауырғанда пайдалануға болады немесе оны табиғи ауыз шаятын сусын деп атайды.
Риа Хоул тәулігіне 1-2 шай қасық немесе бір шыны шалфей ішуге кеңес береді.
Шалфей компрессі дезинфекциялайды, жараның жазылуын тездетеді және герпесті емдеуге көмектеседі. Оны дайындау үшін, 200 мл ыстық қайнаған суы бар эмаль ыдысына 1 ас қасық шалфейді салып, қақпағын жауып, қайнаған су ваннасында 15 минут бұқтырыңыз.
Шалфей қоспаларын қабылдау кезінде остеопат Рэндалл Тернер төмендегідей ережелерді ұстануға кеңес береді:
Шалфейді қосымша ем ретінде қолданған кезде күніне 300-600 мг шалфей сығындысының тұтынған жөн. Әрқашан жапсырмадағы нұсқауларды орындап, міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз.
Шалфейдің эфир майы майлы теріге күтім жасау үшін қолданылады. Ол майдың бөлінуін реттейді және кеңейтілген тері саңылауларын тарылтады. Ал, шалфей сығындысымен бірге мұзбен бетті сүрту теріні балғын етеді.
Сол сияқты дәрілік шөптің ұсақталған кептірілген жапырақтары хош иіс пен ащы дәмге ие. Сондықтан Healthline медициналық басылымы оларды ет, құс еті, көкөністер, тұздықтар, сорпалар мен салаттарға қосып, тағам дайындауда қолдануға кеңес береді.

Шалфей бактерияға қарсы, жараларды емдейтін қасиетке ие, ол сондай-ақ иммунитетті көтеріп, нейродегенеративті бұзылулардан қорғайды. Оны жөтелгенде шай ретінде, ауыз қуысы мен тамақты шаюға арналған қоспа және жарақат алған кезде компресс ретінде қолданыңыз.
Кептірілген күйде өсімдік құс, балық және сорпа тағамдарына ерекше дәм береді. Десе де оны қалыпты мөлшерден көп қолданыңыз: себебі өсімдікте нейротоксиндер бар, салдарынан адамда естен тану жағдайы орын алуы мүмкін.
Назар аударыңыз! Материал тек танымдық мақсатта ұсынылып отыр. Жоғарыда сипатталған емдеу әдістерін дәрігердің рұқсатынсыз қолдануға болмайды.
Дереккөздер:
- Amy McLean. Everything you need to know about sage // Medical News Today. — 2024. — October 28. — Қолжетімділік режимі: https://www.medicalnewstoday.com/articles/266480
- Jabeen Begum. Health Benefits of Sage // WebMD. — 2023. — July 25. — Қолжетімділік режим: https://www.webmd.com/diet/health-benefits-sage
- Olavi Pelkonen, Khaled Abass, Jacqueline Wiesner. Thujone and thujone-containing herbal medicinal and botanical products: toxicological assessment // PubMed. — 2013. — February. — 65(1). — 100–7. — Қолжетімділік режимі: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/23201408/
- Ryan Raman. 12 Health Benefits and Uses of Sage // Healthline. — 2024. — April 9. — Қолжетімділік режимі: https://www.healthline.com/nutrition/sage
Рецензент — жоғары санатты дәрігер Михайленко Людмила Анатольевна
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/medical-conditions/2197550-zhoteldi-emdeidi-darilik-shalfeiding-densaulyqqa-paidasy-qandai/