jitsu gif
Денсаулық

    Қатерсіз ісікті сәтті алып тастаған: алматылық кардиохирургтар ерекше ота жасады

    Ота жасап жатқан хирургтар
    Ота жасап жатқан хирургтар. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы қалалық кардиологиялық орталығында ерекше операция жасалды. Кардиохирургтар пациенттің өміріне қауіп төндірген миксоманы яғни, сирек кездесетін қатерсіз ісікті сәтті алып тастаған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның мәліметінше, пациент орталыққа ентігу мен ауа жетіспеушілігіне шағымданып түскен.

    Эхокардиография сол жақ жүрекшеде көлемі 6×4 см болатын миксома барын көрсеткен. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай ісікті дәрі-дәрмекпен емдеу мүмкін емес, шұғыл операция жасау қажет.

    Нәтижесінде хирургиялық араласу сәтті өтіп, ісік толық алынып, жүрекішілік қанайналым қалпына келтірілген. Келесі күні пациент өзі жүре бастаған, ал көп ұзамай үйіне шығарылған.

    "Мұндай жағдайлар дер кезіндегі диагностика мен білікті медициналық көмектің қаншалықты маңызды екенін ескертеді", - деп атап өтті орталық дәрігерлері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.