Павлодардағы мейрамханалардың біріне барғандар жаппай уланып, ауруханаға түсті
Опубликовано:
Читать на русском
Павлодардағы мейрамханалардың біріне барғандар жаппай уланып қалды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаладағы мекемелердің бірінде өткен шараға барған бірнеше адам Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының жалпы инфекциялық бөліміне түскен, оларда бактериялық ішек инфекциясының клиникалық белгісі болған.
Ауруханаға барлығы 29 адам жүгінген, оның 15-і ауруханаға жатқызылса, 14-і амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді.
"Бүгінгі таңда ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы интоксикация, іш өту, гипертермиялық синдромға байланысты орташа ауыр деп бағаланып отыр. Олар толық көлемде емделіп жатыр. Амбулаториялық көмекке жіберілгендерге кеңес берілді", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/medical-conditions/2253527-pavlodardagy-meiramhanalardyng-birine-bargandar-zhappai-ulanyp-auruhanaga-tusti/