Елордадағы қанды оқиға: пышақ жарақатымен ауруханаға түскен жасөспірімнің жағдайы белгілі болды
Опубликовано:
Читать на русском
Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері бүгін пышақ жарақатымен ауруханаға түскен жасөспірімнің жағдайы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде жас қыздың кісі қолынан қаза тапқаны туралы жазған едік. Оның кәмелетке толмаған інісі де пышақ жарақатын алған.
Дәрігерлер ауруханаға жеткізілген жасөсіпірімнің қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді. Науқастың жағдайы ауыр.
"Арқасынан пышақ жарақатын алған 2009 жылы туған жасөспірім жедел жәрдем қызметімен №2 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Ол аурухананың жедел хирургия бөліміне жатқызылды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, көршілерінің айтуынша, пәтерлердің бірінен пышақталған жас қыздың денесі табылған. Оқиға алдында пәтерден қатты дыбыс естілген. Олардың айтуынша, күдікті оқиғадан кейін жолында кездескен адамдарға пышақ сермеп, марқұмның інісін жаралаған. Кейін пышақ жарақатын алған жасөспірім балалар алаңынан табылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/medical-conditions/2258507-elordadagy-qandy-oqiga-pyshaq-zharaqatymen-auruhanaga-tusken-zhasospirimning-zhagdaiy-belgili-boldy/