jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Дене қызуы көтеріліп, буындар ауырады: ДДСҰ масадан жаңа вирус тарап жатқанын айтып, дабыл қақты

    Маса
    Маса. Көрнекі фото: Freepik / jcomp

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы масадан тараған вирус әлемге қауіп төндіріп отырғанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Чикунгунья деп аталатын вирус 119 елде таралып, шамамен 6 миллиард адамға жұғу қаупі бар. Вирус алғаш Үнді мұхитындағы аралдарда таралып, қазір Африка мен Азия елдеріне, тіпті Еуропаға жеткен.

    Ауру дене қызуын көтеріп, буындарды ауыртып, ұзақмерзімді салдарға ұшыратуы мүмкін. Мамандар індетті дер кезінде бақылауға алмаса, бұрынғы эпидемия қайталануы мүмкін екенін ескертеді.

    Жаңа вирустың нақты емі жоқ. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сақтық шараларын күшейтіп, ашық киім кимеуге кеңес береді.

    Дене қызуы көтеріліп, буындар ауырады: ДДСҰ масадан жаңа вирус тарап жатқанын айтып, дабыл қақты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.