jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Көлік жүргізгенде музыка тыңдап отырған дұрыс па: ғалымдар музыка жүргізушіге қалай әсер ететінін айтты

    Көлік жүргізіп келе жатқан адам
    Көлік жүргізіп келе жатқан адам. Көрнекі фото: AzmanL / Getty Images

    Көлік жүргізу кезінде музыка тыңдау жүргізушілердің мінез-құлқына әсер етеді. Алайда бұл ықпалды біржақты оң немесе теріс деп бағалау қиын, деп хабарлайды Almaty.tv.

    Бұл - ондаған ғылыми зерттеудің деректерін талдаған ғалымдар қорытындысы. Зерттеу нәтижелері Science X платформасында жарияланған.

    Жиналған мәліметтерге сәйкес, жүргізушілердің 80 пайыздан астамы жолға шыққанда музыка тыңдайды.  Әсіресе, тәжірибесі аз жүргізушілер толық тыныштықта зейін қою қиын екенін мойындаған. Музыка шынымен де рөлдегі көңіл күйді жақсарта алады, алайда көлікті басқаруға қатысты бірқатар маңызды көрсеткіштерді нашарлатуы мүмкін.

    Зерттеулер көрсеткендей, музыка тыңдайтын жүргізушілер апатты жағдайларға жиі тап болады, арақашықтықты дәл сақтамайды және жылдамдықты бақылауы әлсірейді. Бұған қоса, музыканың психологиялық кернеуді арттыруы да мүмкін.

    Сонымен бірге оның оң әсері де бар. Бірсарынды жол учаскелерінде музыка шаршаумен күресуге көмектеседі. Алайда бұл әсер уақытша сипатқа ие және шамамен 15-25 минутқа ғана созылады. Қатты музыка, әдетте, жылдамдықтың сәл артуына алып келсе, баяу әуендер сабырға шақырады.

    Зерттеу барысында жүргізуші өзі таңдаған әрі бұрыннан таныс әуендер зейінді азырақ бөлетіні анықталған. Ал бейтаныс немесе жағымсыз музыкалар қателіктердің көбеюіне және назардың төмендеуіне жиі себеп болады.

    Ең осал топ ретінде жүргізу тәжірибесі аз жүргізушілер танылды. Олар қарқынды немесе агрессивті музыка тығдағанда менталдық жүктемені арттырып, жылдамдықтың өсуіне және қауіпті жағдайларды дер кезінде байқай алмауы мүмкін. Ал тәжірибелі жүргізушілерде мұндай әсерлер байқалмаған.

    Көлік жүргізгенде музыка тыңдап отырған дұрыс па: ғалымдар музыка жүргізушіге қалай әсер ететінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.