Боралдайда сушиден жаппай улану дерегі тіркелді: 19 адам ауруханаға жатқызылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы облысы Боралдай кентінде тұрғындардың медициналық көмекке жүгінуіне байланысты дәмхана жабылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне сілтеме жасап.
"Боралдай кентіндегі "Алатау" базарында орналасқан Sushi Time мекемесі жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл шешім оқиғаға қатысты мән-жайлар анықталғанға дейін күшінде.
Тұрғындардың тамақтан ұшыну белгілері туралы белгілі болғаннан кейін 19 адам ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың бәрі бұрын сол мекемеден сатып алған өнімдерді тұтынған", - деді ведомство өкілдері.
Медициналық мекемеге жүгінгендердің алғашқы легінен кейін көмекке СЭБ, денсаулық сақтау органдары және жергілікті атқарушы органдардың мамандары шақырылды.
Іле аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі тексеріс жүргізуде. Зертханалық талдау үшін тамақ үлгілері алынды, материалдар уәкілетті органдарға тапсырылды.
Оқиғаның себептері туралы түпкілікті қорытынды тексеріс аяқталғаннан және зертханалық талдау нәтижелері шыққаннан кейін жасалады.
Тексеріс нәтижелері қосымша хабарланады.
ТЖД тұрғындарды тамақтан улану белгілері байқалған немесе өздерін нашар сезінген жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырды.
"Жаз мезгілінде қоғамдық тамақтану орындарын мұқият таңдау, нысандардың санитарлық жағдайына назар аудару және азық-түлік сақтау шарттарын сақтау өте маңызды.
Құсу, диарея немесе қызба сияқты белгілер болса, өздігіңізден емделмеңіз. Дереу медициналық көмекке жүгініңіз", - деп ескертті ведомство.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/medical-conditions/2389471-boraldaida-sushiden-zhappai-ulanu-deregi-tirkeldi-19-adam-auruhanaga-zhatqyzyldy/