Елімізде үш жасқа дейінгі балаларға тегін оңалту қызметі қай жерде көрсетіледі
Жарияланған күні:

Елімізде үш жасқа дейінгі балаларға тегін оңалту көмегі көрсетіледі. "Қамқорлық" ерте араласу орталығында шала туған, неврологиялық және ортопедиялық бұзылыстары бар сәбилерге ерте диагностика, абилитация және оңалту қызметтері ұсынылады, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Мекемеге ата-аналар көбіне баласының сөйлеуі, жүруі, психоэмоционалдық дамуы мен ұғыну қабілетінің кеш дамуына қатысты шағыммен келеді. Мамандардың айтуынша, емді ерте кезеңде бастау бала дамуындағы ауытқуларды дер кезінде анықтап, оңалтуды ең тиімді уақытта жүргізуге мүмкіндік береді.
"Оңалтуға жолдаманы педиатр немесе терапевт береді. Орталықта реабилитолог баланы тексеріп, қажетті құжаттар мен талдаулар тізімін ұсынады. Оңалту курсы 21 жұмыс күнін құрайды. Бала орталыққа күн сайын үш сағаттан келеді. Қайта оңалтуға үш айдан кейін ғана жіберіледі", - дейді "Қамқорлық" ерте араласу орталығының меңгерушісі Дина Тәжібаева.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/medical-conditions/2402924-elimizde-ush-zhasqa-deiingi-balalarga-tegin-ongaltu-qyzmeti-qai-zherde-korsetiledi/
