jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    18 жастағы қазақстандық суға секіремін деп мойнын сындырып алды

    суға секіру
    Суға секіру. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Шығыс Қазақстан облысында 18 жастағы жігіт таяз жерге сүңгіп, мойнын сындырып алды. Оған ота жасалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланғандай, 21 шілдеде қабылдау бөліміне ауыр омыртқа жарақатымен 18 жастағы пациент түскен.

    "Жас жігіт таяз жерге сүңгіген кезде жарақат алған. Басымен су түбіне соғылғанда С7 деңгейіндегі мойын омыртқасы уатылып сынған", - деп хабарлады медициналық мекеме.

    Операция алдындағы қажетті дайындықтан кейін келесі күні пациенке ота жасалған. Уақтылы көрсетілген медициналық көмектің арқасында ота сәтті өткен. Қазіргі таңда пациенттің жағдайы едәуір жақсарған, қол-аяғының сезімталдығы қалпына келген.

    Дәрігерлер абайсызда жасалған бір ғана секірудің мүгедектікке немесе өлімге әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді

    18 жастағы қазақстандық суға секіремін деп мойнын сындырып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.