jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    52 градус ыстық: Атырауда аптап салдарынан жедел жәрдемге жүгінетіндер саны екі есе өсті

    жедел жәрдем көліктері
    Жедел жәрдем. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Атырауда аптап салдарынан жедел жәрдем қызметіне тәулігіне мыңнан аса шақырту түскен. Синоптиктер мұндай жағдай әлі 2-3 күн сақталатынын айтып отыр. Қала тұрғындары мен қонақтары саябақтар мен субұрқақтарды паналануға мәжбүр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

    +50 +52 градусқа дейін жеткен ыстықтан қаланың жедел жәрдем қызметкерлері шақыртуларға үлгермей жатыр. Өйткені соңғы 2 аптада дәрігерлердің көмегіне жүгінетіндер саны 2 есе өсіпті. Дәрігерлердің айтуынша, әдетте тәулігіне 800 шақырту түссе, қазір 1000-ға жеткен. Жедел жәрдем көмегіне көбінесе жасы 70-тен асқан зейнеткерлер жүгініп жатыр.

    "Күн ыстық, шақыртулар өте көп. Кептеліс кезінде көбейіп кетеді. Барынша уақытылы жетуге тырысамыз. Қан қысымы көтерілген егде адамдар көп", – деді фельдшер Еламан Құрмет.

    Тұрғындар аптаптан салқындатқыш қосып, шама-шарқы келгенше қорғанып жатыр. Далаға шықпауға тырысады. Ал көшеде жүруге тура келсе, қаладағы субұрқақтарды сая етіп жүреді.

    "Далаға шаруамен шығамыз. Қан қысымым көтерліп кетті, өте ыстық. Жедел жәрдем көмегіне жүгіндім. Үйде отырған дұрыс, дәрігерлер кеңесін, күннен қорғану тетіктерін айтып жатыр", – деді қала тұрғыны Аюп Қударов.

    Синоптиктер мәліметінше, қапырық ыстықтың беті алдағы аптада қайтады. Бірақ бұл тек болжам ғана. Сондықтан дәрігерлер тұрғындарға қажеттілік болмаса, далаға шықпауға кеңес береді.

    "1-8 тамыз аралығында Атырау облысында атмосфералық қуаттылық аймағы байқалады. Яғни 2-3 тамыз арағында облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін. Жел оңтүстік шығыстан кейін солтүстік бағытқа ауысады. Күндіз солтүстікте +30 +35 градус ыстық болады", – деді синоптик Бақытгүл Қажанова.

    Ми қайнатар ыстықтан қорғанудың бір ғана жолы — үйден шықпау. Қазір қала көшелерінде қызметкерлер арнайы техника көмегімен жолдарға су шашып жатыр.

    52 градус ыстық: Атырауда аптап салдарынан жедел жәрдемге жүгінетіндер саны екі есе өсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.