jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Петропавлда мектеп оқушысы туберкулездің ашық формасын жұқтырған

    дәрігер
    Дәрігер. Көрнекі фото: pexels.com

    Петропавлда мектеп оқушысы туберкулездің ашық формасын жұқтырған, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Жасөспірім өкпе қабынуына шалдығып, ем алып жүрген. Кейін сараптама жасалып, дерттің асқынып кеткені расталды. Мектеп басшылығы ер баланың мектепке соңғы рет мамырдың 30 күні келгенін айтады. Демек науқас басқа оқушылармен тікелей қатынаста болмаған, дейді.

    "26 маусымда оқушылар жоспарлы түрде флюрография тапсырған кезде бұл баладан пневмония анықталған. Кейін ол ауруханаға жатқызылды. 14 шілдеде бізге туберкулездің расталғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Қазір біз құзырлы органдардың берген нұсқауы бойынша барлық сақтық шарасын жүзеге асыруға кірісіп кеттік", - дейді мектеп директорының міндетін атқарушы.

    Эпидемиолог мамандар қазір мектепті жаппай тексеріп жатыр. Сараптама оқушыларды ғана емес, мұғалімдер мен техникалық жұмысшыларды да қамтиды.

    Айта кету керек, аймақта туберкулездің ашық формасы соңғы рет 2024 жылы анықталған.

    "Мектепте дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Науқаспен тікелей байланысты болған адамдардың тізімі жасақталып, олар жеке бақылауға алынады. Қазір сала мамандары баланың ауруды қайдан жұқтырып алғанын анықтап жатыр", - дейді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Данияр Оспанов.

    Петропавлда мектеп оқушысы туберкулездің ашық формасын жұқтырған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.