jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    СҚО-да алты жасар баланы аман алып қалу үшін 1,5 миллиард теңге қажет

    Матвей
    Матвей анасымен бірге. Кадр: "КТК" арнасы

    Солтүстік Қазақстан облысының алты жасар тұрғыны Матвейді аман алып қалу үшін 1,5 миллиард теңге керек. Бұл – жалғыз ем, бір ғана екпенің құны. Бүлдіршін өте сирек кездесетін Дюшенн, бұлшықет дистрофиясы дертіне шалдыққан. Аурудың салдары мүгедектікке әкелетін көрінеді. Сондықтан Матвейдің ата-анасы халықтан көмек сұрайды, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Матвей қазір Алматыда ем қабылдап жатыр. Алайда дәрігерлер қолдан келер қайран жоқ екенін айтады: олар кішкентай науқасты құтқара алмайды. Ең ауыры – Матвей небәрі алтыда болса да, өмірімен қоштасуы мүмкін екенін жақсы түсінеді.

    Дюшенн бұлшықет дистрофиясының ең қорқыныштысы сол – дерт ұзақ уақыт бойы ешқандай белгі бермейді. Матвейге аяғы өлімге әкелетін бұл диагноз небәрі екі ай бұрын қойылған. Сол кезде ол жиі құлай бастады, ал қазірдің өзінде баспалдақпен әрең көтеріледі.

    Отбасы Петропавлдан 300 шақырым жердегі шағын ғана Червоное ауылында тұрады. Анасы – маникюр шебері, әкесі тәулік бойы "КаМАЗ" жүргізушісі болып жұмыс істейді. Ата-анасы үйі мен бар мүлкін сатуға шешім қабылдаған. Бірақ 1,5 миллиард теңгені өз күшімен жинау мүмкін емес. Құтқаратын екпені Дубайда салуға дайын. Ондағы дәрігерлер ол екпе арқылы аталмыш дертті тоқтатуға болатынына кепілдік беріп отыр.

    "Ол өте мейірімді, ақылды бала. Мектепке дейінгі даярлық сыныбын жақсы бағамен аяқтады. Жақсы оқиды, жазады. Мен барлық Қазақстан халқынан, барлық әлемнен баламды құтқаруға көмек сұраймын. Біз мұндай қаражатты өзіміз жинай алмаймыз. Сондықтан бар үмітіміз — адамдарда. Егер баламызды аман алып қалуға көмек берсеңіздер, ол құрдастарымен бірге ойнап, мектепке барар еді. Егер еміне қаражат жинай алмасақ, бұның соңы өлімге әкеледі", - дейді Матвейдің анасы Анна Деринг.

    Көмек көрсетем деушілерге қажет байланыс ақпараты:

    +77076338415 Анна Деринг (Kaspi, Халык)

    Kaspi: 4400430219773311

    Halyk: 4146213061793879

    Назначение платежа: «На лечение Матвею»

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    СҚО-да алты жасар баланы аман алып қалу үшін 1,5 миллиард теңге қажет

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.