jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Маңғыстаулық 13 жастағы баланың қазасы: денсаулық сақтау министрі іс сотқа жіберілгенін айтты

    жансақтау
    Жансақтау бөлімі. Көрнекі фото: pexels.com

    Биыл сәуірде көз жұмған 13 жастағы маңғыстаулық баланың қазасынан кейін облыстық балалар ауруханасының директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Министрдің айтунша, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің жоспардан тыс тексеруінің және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде құрылған комиссияның жұмысының нәтижелері бойынша Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы мен Ақтау қаласының №2 қалалық емханасында медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету кезінде өрескел бұзушылықтар анықталды.

    Тексеру қорытындысы бойынша облыстық балалар ауруханасының директоры атқарып отырған қызметінен босатылды.

    Медициналық көмек көрсету фактісі бойынша прокуратура қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, іс материалдары сотқа жіберілді.

    "Медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша жағдайды бақылауды жалғастырамыз. Мұндай жағдайлар формалды жауаптарды емес нақты қорытындылар мен жүйелі шешімдерді талап етеді", - делінген министрдің жазбасында.

    Ақмарал Әлназарова қаза болған баланың анасын жеке қабылдайтынын айтты. Министр бұл қайғы отбасы үшін орны толмас қасірет екенін және кінәлілер әділ жазасын алатынын мәлімдеді.

    Еске сала кетейік, Lada.kz хабарлауынша, Ақтау тұрғыны Жұлдыз Азанова дәрігерлердің қателігінен оның 13 жастағы ұлы ауыр жағдайға түсіп, кейіннен қайтыс болғанын мәлімдеген еді. Баланың анасы Қазақстан президентіне жүгінді. Оның айтуынша, 17 қаңтарда ұлының іші кенеттен ауырған, бірнеше күн қызуы көтерілген баланы ауруханаға барғанда дәрігерлер үйіне қайтарып жіберіп отырған. Баланың жағдайы әбден нашарлаған кезде ғана ота жасалған.

    Ота барысында хирургтер тек соқыр ішекті (аппендиксті) емес, ішектің біраз бөлігін де алып тастаған.

    19 ақпанда баланы санитариялық авиациямен Алматыға жеткізген.

    Ал сәуірде бала көз жұмды.

    Маңғыстаулық 13 жастағы баланың қазасы: денсаулық сақтау министрі іс сотқа жіберілгенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.