Атырауда мерез ауруына шалдыққандар саны 5 есе өсті
Жарияланған күні:

Атырауда мерез ауруына шалдыққандар саны 5 есе өскен. Биыл 22 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мамандар жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурудың асқынуына оны дер кезінде анықтамау және медициналық тексеруден өтпеу себеп болатынын айтады.
Дәрігерлер тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, күмәнді белгілер байқалған жағдайда уақыт жоғалтпай медициналық тексеруден өтуге шақырады. Мерезді өз бетінше емдеуге болмайды.
"Мерез аурының жаман қасиеті кей адамдарда көрінуі мүмкін. Мысалы бөртпелер шығуы мүмкін, шашының түсуі басталады, тағы да сондай белгілер болады. Ал кей адамдарда болмауы мүмкін. Бірақ ол ағзаға түсті, бактерия жайлап бүлдіре бастайды, қан арқылы ағзада тарайды. Бұл – жұқпалы кезеңде жүрген ауру", – деді Атырау облыстық Тері-венерологиялық диспансерінің директоры Мира Бердешева.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/medical-conditions/2410868-atyrauda-merez-auruyna-shaldyqqandar-sany-5-ese-osti/
