"Жалынып көмек сұраймын": алматылық ана алты жастағы қызы лейкозбен қалай күресіп жүргенін айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Латифа – ата-анасының құдайдан сұрап алған жалғыз перзенті. Ол дүниеге келген күннен бастап ата-анасының ыстық ықыласы мен қамқорлығына бөленді. Алайда жақында отбасы ауыр жағдайға тап болды. Дәрігерлер қызға "лейкоз" деген диагноз қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қыздың анасы, алматылық Дильназ Юсупованың айтуынша, жүктілік кезеңі тыныш өткен. Алайда нәрестенің бетімен келуіне байланысты босану процесі қиын болған. Дәрігерлер сәбидің аман-есен дүниеге келуі үшін бар күшін салған. Туғаннан кейін нәресте жансақтау бөліміне жатқызылды. Кейін анасы мен қызы оңалту кезеңінен өтіп, бақытты өмір кеше бастады.
"Латифаның балалық шағына қызыға қарауға болатын еді. Ол – отбасымыздың жалғыз қызы, немересі және жиені. Оны алғашқы күндерден бастап шексіз махаббат пен мейірімге бөледік. Соған қарамастан, ол тәрбиелі, ұяң болып өсті.
Биыл 30 шілдеде өміріміз екіге бөлінді. Гемоглобин деңгейінің өте төмен болуына байланысты ауруханаға түстік. Тексеруден кейін дәрігерлер "лейкоз" немесе қан обыры деген диагноз қойды. Сол күні қызыма қан құйылды", - деді қыздың анасы.
4 тамызда Латифа мен анасы Педиатрия және хирургия институтының онкогематология бөлімшесіне ауыстырылды. Онда қыздың сүйек кемігіндегі бласт жасушаларының деңгейін анықтау үшін пункция жасалды. Сондай-ақ лейкоздың мутацияға ұшырағанын анықтайтын диагностика нәтижелерін күту қажет болды.
Дильназдың айтуынша, пункциядан кейін қызының мойнына катетер орнатылды. Ол дәрі-дәрмек енгізу, қан алу, тромбоциттерді құю және қан құю үшін қажет болды. Қызының қалай азап шегіп жатқанын көру Дильназ үшін диагнозды естігеннен де ауыр тиді.
Пункция нәтижелері дайын болған соң, Латифаның ата-анасын дәрігердің кабинетіне шақырған. Ерлі-зайыпты дәрігер қателік кеткенін және диагноз расталмағанын айтады деп үміттенді. Алайда олардың үміті ақталмады, дәрігер ауыр диагнозды қайта растады.
"Латифада жедел лимфобластты лейкоз. Сүйек кемігіндегі бласт жасушаларының деңгейі 94 пайыз, бұл өте көп. Сүйек кемігі түгелдей дерлік қатерлі ісік жасушаларына толы. Шұғыл ем қажет, уақыт жоғалтуға болмайды. Дәрігер емдеу жоспарын түсіндірді. Дегенмен терапияның бірінші кезеңінен кейін қызымызды шетелдік клиникаға апарып, қосымша тексеруден өткізгіміз келеді", - деді Дильназ.
Отбасы түркиялық клиникаларға хабарласып көрген. Олар баланы қабылдауға дайын екенін білдіріп, емдеу құнының сметасын жіберген. Бұл смета бойынша шығын мыңдаған доллармен есептеледі. Қызының ауруына байланысты уақытша жұмыс істей алмай отырған ата-ана үшін бұл – қомақты қаржы.
"Алдымызда ұзақ жол тұр. Оған химиотерапия, тұрақты тексерулер, дәрі-дәрмектер, қан құю, жол жүру және басқа да көптеген шығын кіреді. Мен ешқашан көмек сұраймын деп ойламаппын. Бірақ бүгін мен жай ғана көмек сұрап отырған жоқпын, қызымызды, өміріміздің мәнін сақтап қалуға жалынып көмек сұрап отырмын.
Жалғыз қызымыздың бұл дертті жеңуіне көмектесіңіздер. Латифаның бұл әділетсіз күресте жеңімпаз атануына қол ұшын беріңіздер", - деп сөзін түйіндеді анасы.
Реквизиттер:
Kaspi шоты:
Аблимитов Лутпулла Абдимижитұлы - әкесі
"Kaspi Bank" АҚ
CASPKZKA
KZ07722C000029125251
Карта нөмірі: 4400430336315889
Тел.: +7 777 577 14 71
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/medical-conditions/2413647-zhalynyp-komek-suraimyn-almatylyq-ana-alty-zhastagy-qyzy-leikozben-qalai-kuresip-zhurgenin-aitty/
