jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтөбе облысында бір айда төрт баланы жылан шағып алды

    Жылан
    Жылан. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Ақтөбе облысында бір айда төрт баланы жылан шағып алды – Ақтөбе қаласында екі, Хромтау қаласында екі дерек тіркелді, деп хабарлайды Kazinform-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Агенттіктің жазуынша, Ақтөбеде жаздың соңғы айында жылан шағу дерегі тіркеліп жатыр.

    Осыған байланысты Ақтөбе облыстық ТЖД тұрғындарға табиғат аясында тыныққанда, саяжай аумағында және далада аса сақ болуы керектігін ескертеді.

    "Тамыз айында облыста төрт баланы жылан шағып алды. Оның ішінде Ақтөбе қаласында – екі жағдай, Хромтау қаласында – екі жағдай тіркелді. Жылан көбіне елді мекендердің шетінде, шөбі қалың жерде, тастың, ағаштың және түрлі құрылыс материалдарының арасында, су айдындарына жақын аумақтарда кездесуі мүмкін. Жылан адамды әдейі қумайды, көбіне қауіп төнген жағдайда қорғану мақсатында шағады", - деп мәлім етті Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

    Мамандар сақтық үшін балаларға мынаны ескерту керектігін айтты:

    • жыланға жақындауға болмайды және оны қуаламау керек;
    • қалың шөп, бұта арасына, тас немесе ағаштың астына қол сұқпаған жөн;
    • табиғат аясында тыныққанда жабық аяқ киім және ұзын шалбар киген дұрыс;
    • балалар ойнайтын аумақты үнемі қарап, қалың шөпті уақытылы шабу керек;
    • шатырды қарап, төсек-орын, киім және аяқ киімді қағып-сілкіп алған дұрыс.

    Сонымен қатар мамандар жылан шаққан жағдайда адамды көп қозғауға болмайтынын, баланы жатқан күйінде ауруханаға жеткізу қажеттігін еске салды.

    "Көп су берген дұрыс. Шаққан орынды таңып тастауға, кесуге, күйдіруге болмайды. Өз бетінше емдеу қауіпті", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

    Ақтөбе облысында бір айда төрт баланы жылан шағып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.