Атырауда Конго-Қырым қызбасын жұқтыру дерегі тіркелді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Атырауда Конго-Қырым қызбасы тіркелді – бір пациенттің диагнозы расталды, деп хабарлайды Kazinform-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Агенттіктің жазуынша, Атырау облысында бір отбасынан екі адам Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына байланысты инфекциялық ауруханада ем алып жатыр. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлаған.
Әкімдіктің мәліметінше, Исатай ауданының тұрғыны 12 тамызда ауру белгілерімен Атырау облыстық инфекциялық ауруханасына жатқызылған. ПТР зерттеуі оның Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына шалдыққанын растаған. Қазір пациенттің жағдайы орташа, тұрақты. Динамикасы оң. Емдеу республикалық мамандардың бақылауымен жүргізіліп жатыр.
Отбасының екінші мүшесі 16 тамызда медициналық мекемеге жеткізілген. Оның да жағдайы тұрақты, оң динамика байқалады. ПТР тестінің нәтижесі теріс болған.
"Пациенттермен байланыста болған адамдар есепке алынып, медициналық бақылауда. Қазіргі уақытта олардың ешқайсысында ауру белгілері тіркелмеді. Ауру анықталған аумақта ауыл шаруашылығы және үй жануарларынан, сондай-ақ кенелерден сынама алынды. Зертханалық зерттеулердің нәтижесі теріс болып шықты", - деп мәлім етті облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/medical-conditions/2418138-atyrauda-kongo-qyrym-qyzbasyn-zhuqtyru-deregi-tirkeldi/
