Қытайда вирустың өлімге әкелетін жаңа мутациясы анықталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қытайда кене арқылы таралатын вирустың өлімге әкелетін жаңа мутациясы табылды. Вирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы 2019 жылы тіркелген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "РИА Новостиге" сілтеме жасап хабарлады.
Ғалымдар WELV ортонайровирусының жаңа түрін анықтады.
"Біз метатранскриптомды секвенирлеу жүргізіп, вирусты бөліп алдық. SFTS ауруы бар, бірақ DBV тесті теріс нәтиже көрсеткен пациенттерден патогенді ортонайровирустың жаңа түрі табылды. Біз оны азиялық ұзын мүйізді кененің найровирусы деп атадық", - деп мәлімдеді зерттеушілер.
Филогенетикалық талдау ALTNV-ті ортонайровирустар тұқымдасына жатқызуға мүмкіндік берді.
Ғалымдардың айтуынша, ALTNV – кене арқылы берілетін және адамдарда қызба ауруын тудыратын жаңадан анықталған ортонайровирус.
Ортонайровирус атауы қойлардың Найроби ауруынан шыққаны хабарланды. Бұл ауру қой мен ешкінің асқазан-ішек жолдарын зақымдайды.
Бұл тұқымдастағы барлық вирус кене арқылы таралады. Кененің тасымалдаушылары – адамдар немесе басқа омыртқалылар.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/medical-conditions/2425538-qytaida-virustyng-olimge-akeletin-zhanga-mutatsiiasy-anyqtaldy/
