Кіші Роберт Кеннеди лицензиясынан айырылған Эндрю Уэйкфилдпен бірге вакцинацияға қарсы конференцияда сөз сөйлейді
Жарияланған күні:
Читать на русском
ArsTechnica басылымының жазуынша, АҚШ Денсаулық сақтау министрі Children's Health Defense ұйымының билеттері толық сатылып кеткен іс-шарасында негізгі спикер болады, деп жазды KAZ.NUR.KZ.
АҚШ Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету министрі кіші Роберт Ф. Кеннед Children's Health Defense тобы ұйымдастырып жатқан вакцинацияға қарсы конференцияда басты спикер ретінде жарияланды. Іс-шараға арналған барлық билет толығымен сатылып кетті. Бұған дейін екпеге күмәнмен қарайтын осы ұйымды басқарған кіші Кеннеди бұрынғы дәрігер Эндрю Уэйкфилдпен бір алаңда негізгі баяндама жасайды.
Британиялық экс-дәрігер Уэйкфилд 1998 жылғы MMR вакцинасы (қызылша, қызамық және паротитке қарсы) мен аутизм арасында байланыс бар деген күмәнді зерттеудің авторы ретінде белгілі. Кейін ол деректерді бұрмалағаны және пациенттерге қатысты әдепсіз әрекеттері үшін медициналық лицензиясынан айырылған болатын. Соған қарамастан, ол кіші Кеннедимен байланысын сақтай отырып, халықаралық вакцинацияға қарсы қозғалыстың негізгі тұлғаларының бірі болып қалуда.
Америкалық денсаулық сақтау ведомствосының қазіргі басшысы мен лицензиясынан айырылған псевдоғалымның бірге қатысуы медициналық қауымдастық пен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар тарапынан сын толқынын тудырды. Сыншылар мұндай сөз сөйлеу АҚШ-тағы міндетті иммундау бағдарламалары төңірегіндегі даулар аясында азаматтардың ресми медицинаға деген сеніміне ауыр соққы беретінін атап өтуде. кіші Кеннедидің өкілдері алдағы іс-шараға қатысты әзірге пікір білдіруден бас тартып отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз