jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Ғалымдар кеңалқым жылан уы негізінде жаңа антибиотиктер жасап шығарды

    Кобра
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Зерттеушілер кеңалқым жылан (кобра) уындағы кардиотоксиндерден микробқа қарсы пептидтерді іздеу үшін жасанды интеллектті қолданды, деп жазды News-Medical басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Халықаралық ғалымдар тобы Naja текті кеңалқым жылан уының кардиотоксиндерінен микробқа қарсы пептидтерді бөліп алу бойынша зерттеу жүргізді. Бруно Мендес, Жоао Рикардо Алмейда, Валерия Кастеллетто, Иэн Хэмли және Грэм Барреттің жұмыс нәтижелері NPJ Drug Discovery ғылыми журналында жарияланды.

    Компьютерлік талдау және машиналық оқыту алгоритмдерінің көмегімен зерттеушілер ақуыздар базасын зерттеп, 14 әлеуетті пептидтік кандидатты анықтады. Зертханалық сынақтар барысында химиялық жолмен синтезделген үлгілердің бактерия мембраналарын бұзу қабілеті мен адам эритроциттеріне уыттылығы тексерілді.

    CTX-p5 деп аталатын пептид ең тиімдісі болып шықты. Ол грамоң және грамтеріс бактериялардың қабықшаларының тұтастығын бұзып, олардың деполяризациясын тудырып, өткізгіштігін арттыруда айқын қабілетін көрсетті. Сонымен қатар сыналған молекулалардың көпшілігі адамның қан жасушалары үшін гемолитикалық уыттылықтың төмен деңгейін көрсетті.

    Зерттеу авторлары алынған заттардың қазіргі минималды тежегіш концентрациялары оларды дайын дәрі ретінде тікелей қолдану үшін әлі де жоғары екенін атап өтті. Дегенмен жүргізілген эксперимент дәстүрлі терапияға төзімді патогендермен күресе алатын жаңа типтегі антибиотиктерді әзірлеу үшін жасанды интеллект пен жылан уын қолдану тұжырымдамасының сәтті екенін дәлелдеді.

    Ғалымдар кеңалқым жылан уы негізінде жаңа антибиотиктер жасап шығарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram