jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Бұрын белгісіз болған жаңа вирустар анықталған жоқ": ДСМ Қазақстандағы эпидахуалға қатысты мәлімет берді

    Тұмауратып жатқан адам
    Тұмауратып жатқан адам. Иллюстрациялық фото: Philip Dulian/picture alliance via Getty Images

    Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанда күзгі маусым басталғалы бері ЖРВИ жағдайлары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есеге аз тіркелген.

    Тұмау жағдайлары тіркелмеген, сондай-ақ елде бұрын белгісіз болған жаңа респираторлық вирустар анықталмаған.

    "Денсаулық сақтау министрлігі қыркүйек айынан бастап ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша сырқаттанушылыққа апта сайын мониторинг жүргізіп келеді.

    Қыркүйек айының басынан бері елде 51 937 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 1,8 есеге төмен. Бүгінгі таңда тұмау жағдайлары тіркелген жоқ.

    COVID-19 бойынша да төмендеу байқалады. 2026 жылдың басынан бері коронавирус инфекциясының 87 жағдайы тіркелді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3 есеге аз.

    COVID-19 басқа да маусымдық респираторлық вирустармен қатар айналымда жүр. Бұл ретте Қазақстанда бұрын белгісіз болған жаңа вирустар анықталған жоқ", - деп мәлімдеді ведомство.

    Министрлік өкілдері күз мезгілінде респираторлық инфекциялардың айналымы дәстүрлі түрде күшейетінін, ведомство елдегі эпидемиологиялық жағдайды апта сайын бақылап отырғанын атап өтті.

    Сондай-ақ министрлік ЖРВИ, тұмау және басқа да респираторлық инфекцияларды жұқтырудың алдын алу үшін мына кеңестерді ұсынды:

    • үй-жайларды үнемі желдетіп тұру;
    • қолды жиі жуу және жеке гигиена ережелерін сақтау;
    • мүмкіндігінше ауру белгілері бар адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу;
    • сырқаттанушылық жоғары кезеңде адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу;
    • жөтелгенде және түшкіргенде ауыз бен мұрынды майлықпен немесе шынтақтың бүгілген жерімен жабу;
    • дене қызуы көтеріліп, жөтел, тамақ ауруы және басқа да ауру белгілері пайда болған жағдайда үйде қалып, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну.

    "Қарапайым профилактикалық шараларды сақтау маусымдық респираторлық инфекцияларды жұқтыру және олардың таралу қаупін азайтуға көмектеседі", - деді мамандар.

    "Бұрын белгісіз болған жаңа вирустар анықталған жоқ": ДСМ Қазақстандағы эпидахуалға қатысты мәлімет берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram