jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    АПВ вакцинасы ұлдардың бедеулігіне себеп бола ма: қауесет қаншалықты рас

    екпе
    Екпе. Көрнекі фото: Yuri Cortez / AFP via Getty Images)

    2027 жылдан бастап 11 жастағы ұлдарға адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцина салу жоспарланып отыр. Сарапшылардың айтуынша, мұндай тәжірибе әлемнің бірқатар елінде бар.

    "Вакцина тек қыздарға салынбайды. Қазір көптеген елде бұл екпені ұлдар да алады. Мысалы, АҚШ-та вакцина ұлдар мен қыздарға 11-12 жаста ұсынылады. Ұлыбританияда 12-13 жастағы оқушыларға мектепте салынады. Австралия да вакцинация бағдарламасына ұл балаларды енгізген, — деді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Жасұлан Алпысбаев Jibek Joly телеарнасының "Бүгін Live" бағдарламасында.

    Қазақстанда вакцинацияны дәл 11 жастан бастау жоспарланып отырғаны бекер емес.

    "Адам папиллома вирусы жатыр мойны обырымен ғана байланысты емес. Ол ер адамдарда ауыз-жұтқыншақ, жыныс мүшелері және басқа да қатерлі ісік түрлерінің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін. Ұлдарды вакцинациялау олардың денсаулығын қорғайды. Вирустың таралуын да азайтады", — деді спикер.

    Елімізде АПВ-ға қарсы вакцинация 2024 жылғы қыркүйекте басталған. Қазір екпе 11-13 жастағы қыздарға салынып, Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне енгізілді. Вакцинация ерікті түрде жүргізіледі, екпе ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің келісімімен ғана жасалады.

    Бүгінде ұл балаларды қамту мәселесімен қатар, вакцинаның қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар қоғам назарында. Әсіресе әлеуметтік желілерде түрлі қауесет тарап жатыр.

    "Вакцина "бедеулікке апарады" деген қауесетке мән бермеу қажет. Бұл — профилактикалық шара. Ресми ақпараттарға сүйенген дұрыс", — деді Жасұлан Алпысбаев.

    АПВ вакцинасы ұлдардың бедеулігіне себеп бола ма: қауесет қаншалықты рас

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram