jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Жасанды интеллект мигрень ұстамасын келесі күні 91 пайыз дәлдікпен болжауды үйренді

    Басы ауырған қыз
    Басын ұстап тұрған әйел. Көрнекі сурет: pixabay

    ЖИ моделі ұстама қаупін анықтау үшін ақылды сағаттар мен смартфондардан алынған цифрлық деректерді талдайды, деп жазды Medical News Today-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Мюнхендегі Макс Планк атындағы психиатрия институтының ғалымдары халықаралық әріптестерімен бірлесіп, мигреньнің келесі күні басталуын 91 пайыз дәлдікпен болжай алатын жасанды интеллект алгоритмін жасады. Зерттеу нәтижелері Nature Medicine ғылыми журналында жарияланды.

    Ауқымды экспериментке созылмалы немесе жиі мигреньмен ауыратын 1014 адам қатысты. Бірнеше ай бойы еріктілер тағылатын құрылғыларды киіп, мобильдік қосымшадағы арнайы күнделіктерді жүйелі түрде толтырып отырды. Цифрлық датчиктер ұйқы сапасын, физикалық белсенділік деңгейін, жүрек соғысының өзгермелілігін, жүрек пульсін және басқа да физиологиялық көрсеткіштерді тіркеді.

    Әзірленген терең оқыту моделі биометриялық деректерден бас ауруының алдында болатын жеке паттерндерді анықтай алды. Тәуекелдің басты факторлары ретінде ұйқының бұзылуы, стресс деңгейінің күрт өзгеруі және физикалық белсенділіктің ауытқуы анықталды. Алгоритм 87 пайыз сезімталдық пен 91 пайыз дәлдікті көрсетіп, жоғары нәтиже берді.

    Доктор Флориан Хольцингер бастаған жұмыс авторлары мигрень қаупі туралы ерте ескерту пациенттерге ұстаманың алдын алу немесе оны жеңілдету үшін профилактикалық дәрілерді уақытылы қабылдауға немесе күн тәртібін өзгертуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Жақын арада зерттеушілер күнделікті қолдануға арналған осы алгоритм негізінде мобильді қосымша жасауға кірісуді жоспарлап отыр.

    Жасанды интеллект мигрень ұстамасын келесі күні 91 пайыз дәлдікпен болжауды үйренді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram