Антибиотик қабылдау кезінде қантты тұтыну ішек микрофлорасына зиянын тигізуі мүмкін
Жарияланған күні:
Читать на русском
Антибиотик курсы кезінде қант мөлшері жоғары өнімдерді тұтыну ішектің пайдалы микрофлорасының зақымдануын күшейтіп, қауіпті бактериялардың көбеюіне ықпал етеді, деп жазды ScienceDaily-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Нью-Йорк университеті Гроссман медициналық мектебінің зерттеушілері әріптестерімен бірге онкологиялық бөлімшелердегі 173 пациенттің 9400-ден астам тамақтану рационын талдады. Емдеу басталғанға дейінгі 48 сағат ішінде желінген әрбір қосымша 100 грамм қант ішектің пайдалы бактерияларының әртүрлілігін 21 пайызға төмендететіні анықталды.
Ғалымдардың сөзінше, бұған антибиотиктердің қорғаныш микрофлорасын жоятыны, ал тірі қалған патогендердің қантты тез көбею үшін отын ретінде пайдаланатыны себеп. Атап айтқанда, тәтті тағамдар препараттармен үйлескенде оңайлықпен емделе қоймайтын ауыр инфекцияларды тудыратын Enterococcus faecium бактериясының өсуіне әкеп соқтырды.
Тышқандарға жасалған эксперименттер бұл заңдылықты растады: антибиотиктерді сахарозамен бірге алған жануарлардың ішегіндегі қауіпті энтерококктардың саны алты күннен кейін 33,4 есе өсті.
Мамандар терапия кезінде және одан кейін тәтті тағамдардан уақытша бас тарту ағзаны қорғаудың қарапайым тәсілі болуы мүмкін деп санайды, алайда түпкілікті қорытынды жасау үшін клиникалық сынақтар қажет.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/medical-conditions/2441570-antibiotik-qabyldau-kezinde-qantty-tutynu-ishek-mikroflorasyna-ziianyn-tigizui-mumkin/