jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Таңға жуық ұйықтайтындардың сырқаттанып, жұмыстан кету ықтималдығы 70 пайызға жоғары

    ұйқы
    Көрнекі фото: pexels.com

    Кеш жатып, кеш тұруды ұнататын және кешкі уақытта белсенді болатын адамдар еңбекке жарамдылығын жоғалту мәселесіне жиі тап болады, деп жазды SciTechDaily-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Финляндиялық зерттеушілер хронотиптің мансап пен денсаулыққа қалай әсер ететінін анықтау үшін 12 жыл бойы мыңдаған ересек қатысушыны бақылады.

    Зерттеушілер қатысушылардан 45 жас шамасында ұйқы әдеттері туралы сұрастырып, кейін олардың мүгедектік бойынша жәрдемақы рәсімдеуін қадағалаған. Нәтижесінде таң ата ұйықтайтындардың ерте жатып, ерте тұруды ұнататындарға қарағанда мүгедектік зейнетақысын 1,7 есе жиі рәсімдейтіні анықталды.

    Кешкі хронотипі бар ер адамдар арасында мүгедектікке шығу көрсеткіші 8,3 пайызды құраса, таңертең ерте тұратындарда бұл көрсеткіш 5 пайыз болды. Ал әйелдер арасында бұл көрсеткіш сәйкесінше 12,1 пайыз және 7,2 пайызды құрады. Бұл үрдіс ғалымдар қатысушылардың білім деңгейін, мамандығын және әлеуметтік-экономикалық жағдайын есепке алғаннан кейін де сақталды.

    Финляндияда мүгедектік бойынша төлем тек денсаулықтың күрделі және ұзақ уақытқа нашарлауы кезінде тағайындалады, сондықтан нәтижелер ерте зейнетке шығу ниетін емес, ағзадағы нақты мәселелерді көрсетеді.

    Зерттеу авторлары генетикалық тұрғыдан қалыптасқан хронотиптің дәстүрлі "тоғыздан беске дейінгі" жұмыс кестесіне жиі қайшы келетінін атап өтті. Биологиялық сағат пен қоғам талаптары арасындағы тұрақты алшақтық ағза үшін созылмалы стресс тудырады, бұл уақыт өте келе ауыр аурулардың даму қаупін арттырады.

    Таңға жуық ұйықтайтындардың сырқаттанып, жұмыстан кету ықтималдығы 70 пайызға жоғары

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram