Ақтау маңында жүргізушіні сарышаян шағып алды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Маңғыстау облысында рульде отырған жүргізушінің жағдайы кенет нашарлап, дәрігерлерден көмек сұраған. Белгілі болғандай, ер адамды сарышаян шағып алған, деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жазуынша, оқиға 11 қазанда Ақтаудағы кәсіпорындардың бірінің маңында тіркелген.
Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету станциясының мәліметінше, ер адамды сарышаян шаққан. Шаққаннан кейін ол өзін жайсыз сезініп, көлікті ары қарай жүргізе алмайтынын айтқан.
"Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберілді", - делінген жарияланымда.
Биология ғылымдарының кандидаты Марк Пестов сарышаянды көргенде өте сақ әрі мұқият болу керектігін айтады. Ол шаққан кезде ине шаншуы сияқты сезілуі мүмкін. Алайда бірнеше сағат бойы ауырсыну, шаққан жердің ісінуі және удың жүйке жүйесіне әсер етуіне байланысты мазасыз күй сақталады.
"Сабыр сақтап, зақымданған мүшені қозғалтпауға тырысу қажет. Сондай-ақ шаққан жерді сабынды сумен жуып, ауырсыну мен ісінуді басу үшін матаға оралған суық компресс басу керек. Шаққан жерді тілуге немесе күйдіруге, уды сорып шығаруға болмайды. Дереу жедел жәрдем шақыру қажет", - деп жазады басылым.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/medical-conditions/2441752-aqtau-mangynda-zhurgizushini-saryshaian-shagyp-aldy/