jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Павлодарда мектеп оқушысынан туберкулез белгілері анықталды

    дәрігер
    Дәрігер. Көрнекі фото: pexels.com

    Павлодар мектептерінің бірінде оқушы туберкулезге шалдыққан деген күдікпен шұғыл ауруханаға жатқызылды. Оқу орны карантинге жабылған жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Астана" телеарнасының сайтына сілтеме жасап.

    Телеарна тілшісінің мәліметінше, дәрігерлер қажетті емшара жасап жатқынын айтады. Ал оқушымен байланысты болған адамдар тексеріліп жатыр. Мектепке толыққанды дезинфекциялық жұмыстар жасалынып, оқушының сыныстарына манту сынамасы салынды. Ал мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері толықтай  флюорографиялық тексеруден өткізілмек.

    "Осы жағдай бойынша эпедемологиялық тергеу басталды. Қазір оқушымен байланыста болған адамдарды іздеу және оларды тексеруден өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді қалалық санитариялық эпидемиологиялық басқарма басшысының орынбасары Гүлия Әлменова.

    Павлодарда мектеп оқушысынан туберкулез белгілері анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram