jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыдағы мектептердің бірі уақытша жабылды: 50-ге жуық оқушы ауруханаға түскен

    Палата
    Аурухана палатасы. Көрнекі фото: NUR.KZ

    Алматыдағы мектептердің бірінде оқушылар жаппай уланды деген болжам бар – 47 оқушы ауруханаға жатқызылды. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы мектеп қызметінің тоқтатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Threads желісіндегі amure_qaz02 қолданушысы Республикалық физика-математикалық мектептің (РФММ) оқушылары денсаулығына байланысты ауруханаға түскенін жазды.

    "РФММ Алматы, масқара! Қайда қарап отырсыздар?! Менің бауырларым ауруханаға түсті. Тек менікі емес, басқа ата-аналардың да балалары ауруханада жатыр. Улану дейді. Кейбіреуінде ішек таяқшасы анықталған. Бүгін мектепті толығымен 3 күнге карантинге жапты деп айтты. Неге еш жерде ештеңе айтпайсыздар?! 50-ге жуық оқушы ауруханаға түсті", - делінген жазбада.

    Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы желідегі жазбаға пікір қалдырып, оқиғаның болғанын растады. 12-13 қазанда РФММ-нің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясы белгілерімен медициналық мекемеге жатқызылған.

    "Қазіргі уақытта олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында. Мектеп интернатында тұратын тағы 8 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынды.

    Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаментінің қаулысымен мектеп, интернат және асхана қызметі тоқтатылды. Мамандар тексеру жүргізіп, зертханалық зерттеулер үшін сынамалар алынды. Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында", - деп атап өтті Алматыдағы аурухана өкілдері.

    Алматыдағы мектептердің бірі уақытша жабылды: 50-ге жуық оқушы ауруханаға түскен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram