jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда жедел ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскен оқушылардың жағдайы белгілі болды

    Аурухана дәлізі
    Аурухана іші. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға жатқызылған оқушыларға қатысты түсінік беріп, олардың жағдайы туралы мәліметті бөлісті, деп хабарлайды КAZ.NUR.KZ.

    Бұған дейін Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің ондаған оқушысы жедел ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскенін жазған едік. Одан кейін мектепте тексеру жұмыстары басталды.

    Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне жаңа мәлімет бойынша 12-14 қазан аралығында қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 48 оқушы жатқызылғанын, тағы 6 бала интернатта оқшауланып, медициналық бақылауда екенін хабарлады.

    "Қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы тұрақты. Реанимациялық шараларды қажет ететін жағдайлар жоқ", - деп нақтылады басқармадағылар.

    Сондай-ақ барлық балаға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатқаны атап өтілді. Оларды емдеу үшін қажетті жағдай жасалған, пациенттер медицина мамандарының тұрақты бақылауында.

    Алматыда жедел ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскен оқушылардың жағдайы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram