jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    РФММ оқушылары арасында ішек инфекциясымен ауруханаға түскендер саны артты

    Ауруханада жатқан пациент
    Ауруханада жатқан пациент. Көрнекі фото: Virojt Changyencham/Getty Images

    15 қазандағы мәлімет бойынша, Алматыдағы РФММ филиалынан ауруханаға жатқызылған оқушылар саны 55-ке жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 12 қазан мен 15 қазан аралығында Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 55 оқушысы жедел ішек инфекциясы белгілерімен қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылғанын хабарлады.

    "Барлық балаға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Оларды емдеу үшін қажетті жағдай жасалған, пациенттер медицина мамандарының тұрақты бақылауында", - деді басқармадағылар.

    Қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы тұрақты, динамикада нашарлау байқалмайды. Сондай-ақ реанимациялық шараларды қажет ететін жағдайлар жоқ.

    РФММ оқушылары арасында ішек инфекциясымен ауруханаға түскендер саны артты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram