jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Францияда сирек кездесетін Шамонда вирусы анықталған алғашқы адам қайтыс болды

    лабротория
    Лабротория. Көрнекі фото: pixabay.com

    Франция үкіметі елде Шамонда вирусы анықталған алғашқы адам қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұған дейін бұл вирус тек ауыл шаруашылығы жануарларынан анықталған болатын, деп хабарлайды Sky News басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ел билігі қазіргі уақытта халыққа төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

    Басылымның жазуынша, Шамонда вирусы негізінен Culicoides тектес шіркейлер арқылы таралып, көп жағдайда ірі қара малды зақымдайды.

    Бұл ауру алғаш рет 1960 жылдардың ортасында Нигерияда анықталған және содан бері Африка мен Жапонияда жануарлардан мезгіл-мезгіл табылып тұрған. Бұған дейін вирус адамға жұқпайды деп есептелген болатын.

    Биыл бұл вирус бірқатар еуропалық елде таралған.

    Британиялық Жануарлар мен өсімдіктердің денсаулығын қорғау агенттігінің мәліметінше, тамыз айында Джерси аралында (Ұлыбританияның тәждік иелігі) ірі қара малдан Шамонда вирусы анықталған. Оның клиникалық белгілері Еуропаның басқа аймақтарында байқалған белгілерге сәйкес келген.

    "Бұл Британ аралдарында және Ұлыбританияға тым жақын аумақта вирустың бар екенін растайды, сондай-ақ оның Солтүстік-Батыс Еуропа бойынша әрі қарай таралу әлеуетін көрсетеді", - деп мәлімдеді Ұлыбритания үкіметі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram