jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Ғалымдар инфламейджинг құбылысы мен оның ағзаның қартаю процесіндегі рөлі туралы айтып берді

    Девушка и бабушка вместе держат песочные часы
    Иллюстративное фото : Pixels

    Төмен қарқынды созылмалы жүйелі қабыну (инфламейджинг) қартаюды жеделдетіп, аурулардың пайда болу қаупін арттырады, деп жазды News Medical-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Жас ұлғайған сайын адамның иммундық жүйесінде тұрақты баяу қабынуды тудыратын өзгерістер болады, мұны ғылымда инфламмейджинг деп атайды. Инфекция кезінде немесе жарақат алған кезде пайда болатын өткір реактивтіr формадан айырмашылығы, бұл процесс айқын симптомдық ошақтарсыз жүреді және ағза тіндерін біртіндеп бұзады.

    Мамандар инфламмейджингтің дамуындағы басты факторлар ретінде жасушаның қартаюын, оксидативтік стресс пен митохондрия дисфункциясын атап өтті. Біртіндеп жиналатын қартайған жасушалар бөліну қабілетінен айырылып, көршілес сау тіндерге зақым келтіретін қабыну молекулаларының жиынтығын бөледі. Бұл жағдай төзімділіктің төмендеуімен, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары патологияларының, нейродегенеративтік бұзылулар мен метаболикалық ауытқулардың дамуымен тығыз байланысты. Қабыну фонын қолдауға висцеральдық семіздік, гиподинамия, созылмалы психоэмоционалдық стресс және ішек микробиотасының жасқа байланысты өзгерістері үлес қосады.

    Геронтологияда бұл құбылыспен күресу әдістері белсенді түрде зерттеліп жатыр. Олардың қатарына қартайған жасушаларды жою үшін сенолитиктерді, автофагия мен метаболизм реттеушілерін қолдану, сондай-ақ ішек микробиомасын түзету кіреді. Бұл ретте зерттеушілер жүйелі қабыну деңгейін төмендетудің ең қолжетімді тәсілдері тұрақты физикалық жүктемелер мен құрамында клетчаткасы мол теңгерімді диета екенін баса айтты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram