jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Тісін емдеу кезінде жағдайы нашарлады": Павлодарда бүлдіршін ауыр халде ауруханаға түсті

    Тіс емдеу бөлмесі
    Тіс емдеу бөлмесі. Көрнекі фото: piqsels.com

    Әлеуметтік желіде Павлодардағы стоматология кабинетінде үш жасар қыздың денсаулығы күрт нашарлағаны туралы ақпарат пайда болды. Қыз бала ауруханаға ауыр халде жатқызылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірдің денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

    Tipavlo.dar Instagram-аккаунты Павлодардағы стоматологиялардың бірінде 21 қазанда туысына қатысты болған жайтты баяндаған әйелдің хабарламасын жария етті.

    "Тісімді емдету кезінде жиенімнің жағдайы нашарлады. Баланың көзі аларып, тыныс алуы бұзылды. Әпкем жылағаннан кейін көрші кабинеттегі мейірбике жедел жәрдем шақырды. (...)

    Жедел жәрдем көлігінде баланың жүрегі тоқтап қалды, облыстық балалар ауруханасының қабырғасында жүрегі екінші рет тоқтады", - делінген әйелдің хабарламасында.

    KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне түсініктеме алу үшін хабарласты. Баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2023 жылы туған қыз баланы жедел медициналық жәрдем бригадасы 21 қазанда сағат 15:45-те облыстық балалар ауруханасына жеткізген.

    "Қабылдау бөлімін айналып өтіп, бала аса ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жатқызылды. Бүгінгі таңда қыз бала ӨЖВ-ге қосылған, қарқынды терапия жүргізіліп жатыр.

    22 қазанда Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы (UMC) және "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ мамандарымен телемедициналық консультация өткізілді. Науқасты емдеу тактикасы мен одан арғы емдеу шаралары келісілді", - деп хабарлады басқарма өкілдері.

    Баланың жағдайын динамикада бақылап, жүргізіліп жатқан емнің тиімділігін бағалау үшін облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің пәнаралық консилиумдары күн сайын өткізілетіні нақтыланды. Жағдай денсаулық сақтау басқармасы басшысының жеке бақылауына алынды.

    "Болған оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары зерттеп жатыр, тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі", - деп қосты басқармада өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram