Ғалымдар тұрақты физикалық жүткеме жүрек жүйкесіне әсер ететінін анықтады
Жарияланған күні:
Читать на русском
ScienceDaily басылымының жазуынша, бірқалыпты аэробтық жаттығулар жүректің жүйке түйіндерінің құрылымын өзгертеді, бұл өзгерістер оң және сол жақта бір-біріне ұқсамайды, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.
Бристоль университетінің жетекшілігімен Лондон университеттік колледжі, Сан-Паулу университеті және Сан-Паулу федералдық университеті ғалымдарынан құралған халықаралық зерттеу тобы физикалық жүктемелердің вегетативтік жүйке жүйесіне бұрын ойлағаннан да тереңірек әсер ететінін анықтады. Зерттеу нәтижелері Autonomic Neuroscience ғылыми журналында жарияланды
Мамандар жүрек ырғағын реттейтін мойынның төменгі бөлігі мен кеуденің жоғарғы үштен бірі бөлігіндегі жұп жүйке жасушалары шоғыры — жұлдыз тәрізді ганглийлерге назар аударды. Он апталық орташа аэробтық жаттығу курсынан өткен егеуқұйрықтарға жасалған тәжірибеде ғалымдар үш өлшемдік стереологиялық талдауды қолданды. Жүктемелердің күрт асимметрия тудыратыны анықталды: оң жақ түйіндіде нейрондар саны артып, сол жақтағыдан шамамен төрт есе көп болып шықты, ал жасушалардың өздері сәл кішірейді. Сонымен қатар сол жақ түйіндінің нейрондары көлемі жағынан екі есе ұлғайды.
Зерттеудің жетекші авторы, доктор Аугусто Коппи бұл жүйке түйіндері жүрек жұмысының өзіндік реттеушісі қызметін атқаратынын, ал физикалық жаттығулар бақылау жүйесін симметриялық емес түрде қайта құратынын атап өтті. Бұл жаңалық кардиологтарға аритмия, стенокардия және "жүрек жарылу" синдромын емдеу әдістемелерін дәлірек таңдауға көмектеседі. Болашақта оң және сол жақ арасындағы айырмашылықтарды түсіну түйіндерді блокадалау немесе денервациялау сияқты клиникалық процедураларды тиімдірек баптауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта команданы ірі жануарларды тарта отырып жасалатын сынақтар мен адамдарға арналған клиникалық тесттер күтіп тұр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/medical-conditions/2448350-galymdar-turaqty-fizikalyq-zhutkeme-zhurek-zhuikesine-aser-etetinin-anyqtady/