Қарағандылық 16 жас футболшы Өзбекстанда ауруханаға түсті: Денсаулық сақтау министрі балалардың жағдайы туралы айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова үкіметте өткен брифингте жас қазақстандық спортшылардың Өзбекстанда жаппай улану жағдайына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері мен қазақстандық дәрігерлер Өзбекстандағы әріптестерімен байланыста екенін атап өтті.
"Балалар онлайн-режимде бақылауда. Олар алып жатқан ем біздің хаттамаларға сәйкес келеді. Балалардың жағдайы тұрақты", - деді ол.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қажет болған жағдайда жас спортшыларды Шымкент пен Түркістан облысының клиникаларына жеткізуге болады.
"Бірақ жағдайы тұрақты, бұл – тағамнан улану. Өзбекстандағы әріптестер қосымша зерттеулер жүргізіп жатыр. Олар бізге ақпарат берген соң хабарлаймыз. Бүгінгі таңда балалардың өмірі мен денсаулығына қатер жоқ", - деп сендірді министр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз