jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Зейнеп Ахметова: Баланы қырқынан шығарғанда тырнақ пен шашты ер адам алу керек

    : UGC

    Баланы қырқынан шығарғанда тырнақ пен шашты ер адамға алғызу керек. Бұл пікірді «Хабар» арнасындағы «Ана мен бала» бағдарламасына қонаққа келген жазушы Зейнеп Ахметова айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

    Бағдарламаға қонаққа келген Зейнеп Ахметова әуелі баланы қырқынан шығарудың маңызы туралы айтып берді.

    «40 саны адамның жаратылысымен тікелей байланысты. Баланы не үшін қырқынан шығарады? 40 күн ана үшін де, бала үшін де қатерлі кезең болып саналады. Мысалы қырқынан шықпаған баланың терісін ұстап көрсең, еті бөлек, терісі бөлек жүреді. 40 күнде ғана баланың еті мен сүйегі бірігеді.

    Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртас: Жұлдыз шыққаннан кейін біразы әйелдерін көрсете бастады

    Мысалы, адам қайтыс болғанда қырқын береді ғой, өйткені 40 күнде ет пен сүйек ажырайды, соған біз құдайы берміз. Ал мына жерде ананы 40 күн бойы қалжалап, күтеді. Ананың дені сау болмаса, баланың да жағдайы жақсы болмайды. Сондықтан, 40 күн - ана мен бала үшін күтім мезгілі.

    Тіпті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өзі 6 аптаны жас босанған ана мен балаға қауіпті дейді. Алты аптаң - 42 күн. Ал, біздің әжелеріміз қалай білген сол 40 күннің қатерлі екенін?!

    Жас босанған анаға ауыр жұмыс жасатпайды, кір жуғызбайды, салқын су ішкізбейді, еркек қойды сойып, соның сорпасын беріп, қалжалап баптайды. Бұл уақыт баланың өмірге бейімделетін кезеңі.

    Қырқынан шықпаған баланың көзіне қарасаң көзі тұманданып тұрады. Ал қалай қырқынан шығады солай жарыққа қарайды. Дыбысқа елеңдейді. Бұл медициналық жағынан да дәлелденген дүние», - деді Ахметова.

    Тағы оқыңыздар: Денсаулық сақтау министрі: Санитарлық авиация күніне алты рет көмекке ұшады

    Жазушының айтуынша, баланы қырқынан шығарғанда тырнақ пен шашты ер адамға алғызу керек.

    «Тырнақ пен шашты ер адамға алғызады. Бұл – ырым», - дейді ол.

    Зейнеп Ахметова хабар соңында иткөйлектің қасиеті туралы айтып, оны бала көтермеген әйелдерге ырым етіп берген дұрыс деген пікірін айтты.

    Зейнеп Ахметова: Баланы қырқынан шығарғанда тырнақ пен шашты ер адам алу керек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.