jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Бір рет төсек қатынасына түсіп, жүкті болып қалуға бола ма?

    : UGC

    YouTube арнасындағы "Жабық тақырып" бағдарламасында алғашқы жыныстық қатынас кезінде бала көтеріп қалу мүмкін бе деген сұраққа Жұпар Кәрібекқызы есімді маман жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жұпар Кәрібекқызы, Фото: Видеодан кадр
    Жұпар Кәрібекқызы, Фото: Видеодан кадр: UGC

    Маман алғашқы қатынастан жүкті болып қалудың мүмкіндігі жоғары екенін атап өтті.

    Оның сөзінше, овуляция, яғни жұмыртқа жасушасының аналық безден шығып, жатыр қуысына түсу үрдісі кезінде бала көтеру әбден мүмкін екен.

    "Алғашқы жыныстық қатынас овуляция күндеріне сәйкес келіп қалса, жүктілік болады. Оны білу үшін етеккір тоқтаған күнді ортаға бөліп: үш күн артқа, үш күн алдағы уақытта алып тастаймыз. Сонда сол жеті күнде овуляция жүреді.

    Біз оның нақты қашан болатынын айта алмаймыз. Оны тек қана ультрадыбыстық ексеруге қарап қана анықтауға болады.

    Көбі бір рет қосылғаннан жүкті болмаймын деп ойлайды. Алайда ол овуляция күндеріне сәйкес келсе, міндетті түрде жүкті болады", - деп жауап берді Жұпар Кәрібекқызы.

    Бір рет төсек қатынасына түсіп, жүкті болып қалуға бола ма?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.