jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Сәбиге емізік берудің пайдасы мен зияны қандай

    : Twitter

    Мамандар емізіктің бала денсаулығына тигізер зиянымен қоса, оны дұрыс қолданса, пайдасы бар екенін айтты. Дәрігерлердің мәлімдемесінше,, баланың сору рефлексі толық дамуы үшін емізік беру керек деп хабарлайды Алтайньюс.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

    Емізікті ана сүті шығып, жеткілікті сүт қоры жиналғанда және бала емуді үйрене бастағанда беру керек. Бұл 3-4 апта ғана созылуы қажет. Бала емізікті басқа кезеңде қолданса, ана сүтінің шығу процесін бұзады. 1,5 жастан асқан балаға емізік бермеген жөн. Оны көп уақыт қолданса, жоғары және төменгі жақтағы тістері толық жанаспай, қисық бітуіне әсер етеді.

    Дәрігерлерге сенсек, емізікті көп уақыт қолданған балада афтоз, кандидоз стоматит сияқты ауыз қуысының аурулары пайда болуы мүмкін. Себебі емізікке де күтім керек. Кей ата-ана емізікті балаға бермес бұрын, өзінің аузына салады. Педиатрлардың айтуынша, ересек адамның сілекейі арқылы балаға көптеген ауру жұғады. Мысалы, тісжегі (кариес) сияқты ауруы берілуі мүмкін.

    Бала тісі анасын емгенде дұрыс бітеді. Ал емізіктен болатын көп мәселені болдырмау үшін оны дұрыс таңдау керек.

    Сол үшін ортопедия, ортодентия және анотомия емізіктерін қолдануға кеңес беремін. Оны таңдаған кезде үнемі жуғанда, ыстық суға салғанда қаншалықты төзімді екеніне қарау керек.

    Кейде емізікті баланы тыныштандыру құралы ретінде қолдануға болады. Бала көзіне көрінгеннің бәрін ұстап, аузына салып көргісі келеді. Сондай кезде емізік құтқарады. Әсіресе, далада, емханада жүргенде, балаға емізік беріп қойған жөн.

    Педиатрлар ата-аналарға баланы жұбатудың емізіктен басқа да жолдарын қолдануға кеңес берді. Яғни, бала жылап жатса, аузына емізік беріп қоймай, құшақтап, басқа нәрсеге алдандырып, ойнатуға да болады.

    Сәбиге емізік берудің пайдасы мен зияны қандай

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.