jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Сарыағаштық 39 жастағы әйел алғашқы баласын "жедел жәрдемде" босанды

    Жедел жәрдем
    Фото: Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайты

    Түркістан облысында 39 жастағы әйел алғашқы баласын жедел жәрдем көлігінде босанды. Бұл туралы өңір әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

    Дәрігерлер жүкті әйел мен оның сәбиінің өмірін аман алып қалды. Түркістан облысы Сарыағаш ауданының 39 жастағы тұрғыны тұңғышын жедел жәрдем қызметімен перзентханаға бара жатқан жолда босанған.

    Дәрігерлердің айтуынша, кіндігі мойнына бірнеше рет оралғандықтан, нәресте тұншығып туған. Облыстық медициналық жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде жандандыру әдісін қолданып 10 минут шамасында сәбидің тыныс алуын қалпына келтірген.

    Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы, перзентханада дәрігерлердің бақылауында. Жалпы күн сайын облыстық жедел-жәрдем стансасының 124 бригадасы шақыртуға шығады. Тәулігіне орташа есеппен 2000-ға жуық қоңырау түсуде.

    Келесі жылы бригадалар санын 150-ге дейін арттырып, медициналық жедел-жәрдем қызметін одан әрі жетілдіру жоспарланған.

    Айта кетейік, Түркістан облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметі ер адамның өліміне қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. Марқұм көз жұмардан бір күн бұрын тәртіп сақшыларынан қашқан.

    Видео кадрынан ер адамның полиция қызметкерлерінен қашып бара жатқанын байқау қиын емес. Ролик авторының сөзінше, оқиға 2020 жылдың 23 қарашасында болған.

    "Ертесінде таңғы сағат 10:00-де дәл сол қашқан жағында ер адамның денесі табылды. Содан бері 12 күн өтті. Алайда Түлкібас аудандық ішкі істер бөлімінен жауап жоқ, тиісті шаралар қабылданбай отыр. Сараптаманың нәтижесі де жоқ", - дейді жазба авторы.

    Сонымен қатар ер адамның сол жақ бұғанасы, қабырғалары мен сол жақ аяғы сынғаны туралы хабарламада жазылған. Марқұмның алты баласы бар екені де көрсетіліпті.

    Бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген Түркістан облыстық полиция департаменті қазіргі уақытта мәселенің анық-қанығы анықталып жатқанын мәлім етті.

    Сарыағаштық 39 жастағы әйел алғашқы баласын "жедел жәрдемде" босанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.