jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Ойша бәрімен қоштасып үлгердім": Алматылық жүкті келіншек COVID-19-ды қалай еңсергенін айтты

    Жансақтау бөлімі
    Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    КВИ жұқтырған жүкті әйелдерге арналған Алматы перзентханаларының бірінде дәрігерлер аяғы ауыр келіншектерді қалай емдейтінін айтып берді деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

    №4 қалалық перзентхана коронавирус жұқтырған жүкті әйелдерге көмек көрсететін стационар ретінде наурыз айында ашылған болатын. Содан бері бір емес, екі бірдей адамның өміріне жауапты мамандар 1200-ге жуық науқасқа ем көрсеткен. Ал жансақтау бөлімінде жанын аман алып қалғандардың саны – 105.

    Ақ халаттылардың айтуынша, індеттің ілмегіне ілінген әйелдер мұнда әртүрлі ауырлық деңгейімен түседі. Сондықтан олардың әрқайсысына жеке шара қолданылады. "Ал кесар тілігі – қауіпті жағдайдың шешімі емес" дейді дәрігерлер.

    "Кесар тілігі тек қана көрсеткіш бойынша жасалады. Коронавирус жалпы жүктілікті үзетіндей, мерзімінен ерте кесар тілігін жасайтындай көрсеткіш емес", - дейді №4 қалалық перзентхананың акушер-гинекологы Индира Кемалова.

    Бүгінде перзентханада 69 әйелге көмек көрсетілуде. Олардың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

    "Коронавирус жұқтырғанымды білген кезде, әрине, қорықтым. Өйткені, аяғы ауыр әйел ем қабылдай алмайды. "Оянбай қалсам қайтемін" деген қатты қорқыныш болды. Бірақ көріп тұрғандарыңыздай, бәрі жақсы. Мені де, баламды да аман алып қалды. Сол үшін рақмет айтқым келеді", - дейді науқас Гүлжазира Шарапова.

    "Жедел жәрдем алып келді. Сөйтсем, өкпем 35 пайыз зақымданыпты. Тіпті, ойша бәрімен қоштасып та қойғанмын. Осы жерден шықпаймын-ау деп ойладым. Балам бар кішкентай. Сол баламды, жанұямды ойлап, өзімді әрең қолға алдым", – дейді тағы бір науқас Наргиза Сиябекова.

    Наурыз айынан бері арнайы ковидтік стационар ретінде жұмыс істеген перзентхана қазан айынан бастап қалыпты жағдайға оралады. Яғни, ендігі әр перзентхананың өз оқшаулау аймағы болмақ.

    "Ойша бәрімен қоштасып үлгердім": Алматылық жүкті келіншек COVID-19-ды қалай еңсергенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.