jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Талдықорғанда оқушы қыз жүкті болып қалды: туысы күдікті деп танылды

    Оқушы
    Оқушы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Талдықорғанда оқушы қыз жүкті болып қалды. Оқушының 21 жастағы туысы күдікті деп танылып, қазір бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның хабарлауынша, Талдықорған қаласы полиция басқармасы қызметкерлері аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

    "15 қыркүйекте Қылмыстық кодекстің 122-бабы (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс материалдары бойынша кәмелетке толмаған қыздың 21 жастағы туысы күдікті ретінде танылып отыр", - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінен.

    Ведомство дерегінше, бірқатар сараптаманың белгіленіп, нәтижесі күтілуде. Қылмыстық істің тергеуі облыстық тергеу департаментінің ерекше бақылауында.

    Талдықорғанда оқушы қыз жүкті болып қалды: туысы күдікті деп танылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.