jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанайда 10 дөңгелек магнит жұтып қойған бала көз жұмды

    Аурухана палатасы
    Аурухана палатасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қостанай облыстық балалар ауруханасына 10 магнит жұтып қойған 3 жасар бала жеткізілген. Отадан кейін бұлдіршін көз жұмған, деп хабарлайды "Алау" басылымы.

    Қостанай облыстық балалар ауруханасы хирургия қызметінің жетекшісі Игорь Белобржицкий баланың медициналық мекемеге 7 шілдеде жеткізілгенін айтты. Бала Рудный қаласынан "денесіндегі бөгде зат" диагнозымен жіберілген.

    Бала 10 магнит жұтып қойған. Дәрігердің айтуынша, анасында рентген суреті болған, онда бір-бірімен жабысқан 10 дөңгелек магнит көрініп тұр. Бала дереу ауруханаға жатқызылды. Біз барлық қажетті анализдерді алдық.

    "Асқазанға фиброгастродуоденоскопия жүргізді. Асқазандағы магниттер көрінді. Наркоз беріліп, 6 магнит алынды. Операция бөлмесінде лапароскопия арқылы құрсақ қуысы тексерілді. Жетінші магнитті де алды", - деді Игорь Белобржицкий.

    Дәрігердің айтуынша, қалған үш магнит асқазанда болмаған, олар ішектен тек хирургиялық жолмен алынады.

    "Біз анасына операция қажет екенін түсіндірдік. Бала секіріп, ойнап жүрді. 10 шілдеде таңертең операцияға крісітік. Ішектегі магниттер перфорация және перитонит туғызған. Бірақ бізде одан да асқынған перитонит болды, операциядан кейін барлық магниттерді алып тастадық. Шок салдарынан баланың жүрегі тоқтап қалды", - деді дәрігер.

    Бала жансақтау бөліміне ауыстырылып, бір сағат бойы реанимациялық шаралар жүргізілген.

    "10 шілдеде бала көз жұмды, ол магниттен емес, перитониттен емес, ауыр шоктан болуы мүмкін Бұл – қайғы, біз де уайымдап жатырмыз", - деді Игорь Белобржицкий.

    Телеарна мәліметінше, баланың ата-анасы полицияға хабарласқан.

    Қостанайда 10 дөңгелек магнит жұтып қойған бала көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.