jitsu gif
Денсаулық

    Бала күтімі бойынша демалыс: немен айналысуға және қалай табыс табуға болады

    Сәбиіне қарап отырған ана. Көрнекі сурет
    Сәбиіне қарап отырған ана. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Бала күтімі бойынша демалыста отырған ана қосымша табыс таба алады. Мұндайда қыз-келіншектер қашықтан жұмыс істеу тәсілін таңдай алады. Осы ретте декреттегі аналар үшін нарықта жоғары сұранысқа ие, табысы мол салалардың тізімін ұсынамыз.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Бала күтімі бойынша демалыстағы аналар үшін қосымша табыс табудың бірнеше жолдары ұсынылады, соның ішінде транскрипциялау, тоқыма тоқу, виртуалды көмекші болу және балалар кітабын жазу.
    • Копирайтинг, кейтеринг және киім сату сияқты үйден жасауға болатын жұмыс түрлері де аналар үшін тиімді табыс көздері ретінде көрсетіледі.
    • Блогинг - аналар үшін тағы бір ұсынылатын қызмет түрі, онда өз тәжірибелерімен бөлісіп, аудиторияны жинап, табыс таба алады.

    Транскрипциялау

    Транскрибер жұмысы — кішкентай сәбиі бар аналар үшін ең тиімді қызмет. Транскриберлер есептер мен субтитрлерге қажет аудиофайлдарды мәтінге айналдыратын мамандар. Мұндай жұмыс үшін, жас анаға бар болғаны қолжетімді интернет, жақсы тыңдалатын жер мен мәтінді тез теру машығы ғана қажет. Әмбебап транскрибер түрлі аудиофайлдар мен түрлі іс-шаралардағы видеофайлдарды мәтінге айналдырады. Оларға дәрістер, телефон қоңыраулары мен хабарламалар, кездесулерде сөйлеген сөздер, вебинарлар мен сұхбаттар жатады. Транскрипция коммуникация, білім беру саласы мен өнім жасау, сауда сынды салаларда кеңінен қолданылады.

    Тоқыма тоқу

    Ілмек пен немесе таяқшалармен тоқу - бала күтімі бойынша демалыста отырған аналар үшін, таптырмас мүмкіндік болуы мүмкін. Жас аналар тоқыма тоқу арқылы түрлі тоқылған бұйымдарды сата алады. Олар үшін бұл іс қосымша табыс табу көзі ғана емес, сүйікті ісіне де айналуы әбден мүмкін.

    Тоқыма тоқып отырған келіншек. Көрнекі сурет
    Тоқыма тоқып отырған келіншек. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Жас аналар жейде, көрпеше, шарф, бас киім мен ойыншықтар, түрлі интерьер бұйымдары сынды заттарды тоқи алады. Ол үшін түрлі-түсті, сапалы жіп пен ілмек, таяқша сынды тоқу құралдарын алу керек. Егер тоқу білмесеңіз, онда интернеттен видео сабақтарды қарап немесе онлайн-курстан өтсе болады. Дайын бұйымдарды жергілікті қолөнершілердің көрмесінде, фермерлік базарлар мен онлайн-платформаларда сатуға болады.

    Виртуалды көмек

    Ownr шағын бизнес туралы журнал аналарға қосымша табыс ретінде қашықтан, виртуалды көмекші болу қызметін ұсынады. Ол үшін интернет, компьютер мен телефон болса болғаны. Көптеген компания түрлі қызметке немесе қандай да бір тапсырмаларға уақыт немесе маман таба алмай, виртуалды көмекші қызметіне жүгінеді. Сол себепті мүдделі жұмыс берушілер қандай да бір саладан хабары бар немесе осы саланың мамандары ретінде жас аналардың көмегіне жүгінеді.

    Мұндай жұмыстарға клиенттерге қоңырау шалу, құжаттарды жүргізу, іссапарларды ұйымдастыру, интернет-дүкенді басқару, әкімшілік көмек, расшифровка жасау қызметі және т.б. жатқызылуы мүмкін.

    Балалар кітабын жазу

    Кішкентай сәбиі бар аналар бөбектері үшін түрлі ертегі құрап, оны күнделікті әңгімелеп отырады. Сол себепті, бала күтімі бойынша үйде отырған аналар өздерін балалар жазушысы ретінде сынап көре алады. Егер әңгімелер қызық болса, балалар кітабын шығаруға болады.

    Балалар әдебиетінің нарығы қашан да танымал және онда балалар кітаптарына сұраныс өте көп. Сонымен бірге, аналар өз әңгімелерін өз балаларына әңгімелеп, сатылымын ұйымдастыра алады. Егер үйіңіздегі балаларға сіздің айтқан әңгімелеріңіз ұнаса, онда оларды жинақ етіп шырауға болады.

    Копирайтинг

    Boss Mom әйелдер бизнесі туралы журнал аналарға қосымша табыс ретінде қашықтан копирайтер болып жұмыс істеу қызметін ұсынады. Егер сіз жаңа тақырыпты тез игеріп және ол жайлы сауатты жаза алсаңыз, онда осы сала бойынша жақсы табыс таба аласыз. Қазіргі таңда копирайтингтік жұмыс сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Копирайтер болып жұмыс істеу тек хат жазу машығын ғана емес, жұмыс графигінің тиімді болуын да ұсына алады.

    Яғни, сіз өзіңізге ыңғайлы жұмыс графигі мен жобаларды таңдап, тек солармен ғана жұмыс істей аласыз. Копирайтинг үшін қосымша ақша құйып қажет емес. Қолыңызда компьютер мен қолжетімді интернет болса болғаны.

    Кейтеринг

    Women On Topp әйелдер сайты егер сіздің асхана жақын талантыңыз болса, бір уақытта көптеген тағамды дәмді әзірлеу машығына ие болсаңыз, онда кейтеринг қызметін ұсынуға болатынын айтады. Басылымның хабарлауынша, сіз үйден тағамдарды әзірлеп, клиенттерге ұсына аласыз. Ол үшін, туған күн, мерейтой сынды кішігірім мерекелерді тапсырысқа алған жөн.

    Тағамдарды дайындау. Көрнекі сурет
    Тағамдарды дайындау. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Басты ниша тақырыптық жиындар мен іс-шаралар болады. Сол сияқты авторлық рецепттер мен өзіңіздің жеке тағамдарыңыздың жасалу жолдарын сатсаңыз да болады. Кейтеринг даяралудың ең оңай жолы - оңай тіскебасарларды дайындау дейді мамандар.

    Киім сату ісі

    Қыз-келіншектердің көбінде артық киім көп болады. Мәселен, жүктілік кезінде киілген киімдеріңізді сатсаңы болады. Себебі, ол көп киілмейді әрі ол басқа жүкті аналарға пайдалы болуы мүмкін. Сол сияқты мамандар балалар киімін де сатуға кеңес береді. Virtual HQ сайтының хабарлауынша, өзіңіз киген, бірақ жаңа, сапалы киімдерді сатудың көптеген платформалары бар көрінеді. Оларды миллиондаған адамдар тұтынады екен. Осы арқылы сіз қосымша табыс тауып қана қоймай, басқа жандарға да өзіңіздің пайдасын тигізе аласыз.

    Блогинг

    Әйелдерге арналған коуч және бизнес-кеңесші Анджела Хендерсон шағын бизнесті бастамастан бұрын, алдымен қай салада хабарыңыздың барын біліп алу керек деп айтты. Блог жүргізу — үйде қолыңыз бос болғанда жүргізетін тамаша әдістердің бірі. Блог тақырыбы сіздің соңғы жұмыс орныңыздан бастап, хоббиіңізге дейін болуы мүмкін

    Тақырыпты таңдап алған соң, апта сайын блогыңызды жүргізіп, оны дамытуға кірісіңіз. Ең ұтымды тақырып - ана болу тақырыбы болуы мүмкін. Егер жүктілік, босану, бала күтіміне байланысты барлық ақпаратпен бөліссеңіз, сіздің ақпарытыңыз болашақ аналар үшін өте құнды болуы мүмкін.

    Ал, блогыңызда аудитория саны артса, онда ол арқылы жақсы табыс табуға болады. Бала күтімі бойынша аналар қосымша табыс табу арқылы, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезіне алады. Көп жағдайда ол үшін уақыт пен қажетті жағдай ғана қажет. Ол үшін, өзіңіздің қолыңыздан не келетінін біліп алғаныңыз жөн болады.

    Бала күтімі бойынша демалыс: немен айналысуға және қалай табыс табуға болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.