jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкенттегі перинаталдық орталықта бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі

    Медициналық аппарат
    Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкент қалалық перинаталдық орталығында жоғары дәлдіктегі бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі. Бұл туралы Otyrar.kz Telegram-дағы арнасында хабарлайды.

    Басылым мәліметінше, Шымкент қалалық перинаталдық орталығының бактериологиялық зертханасында бактериологиялық зерттеулердің 35 түрі жүргізіледі. Ол арқылы 24-48 сағат ішінде микроорганизмдердің 400-ден астам түрі мен олардың антибиотиктерге сезімталдығы анықталады.

    Жоғары сапалы және жедел қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде ұсынылып отыр. Зертхана "Vitek 2 Compact" және "BACT/ALERT®️3D"заманауи автоматтандырылған анализаторларымен жабдықталған.

    "Бактериологиялық зертхана зерттеулерді мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізуге және талдау сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық жабдықтардың бірегей жиынтығымен жабдықталған.

    Бұл қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында қолжетімді. Сондай-ақ әрбір пациентке нәтижелерді тез және дәл алуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті қалалық перинаталдық орталық бактериологиялық зертханасының бас маманы Бота Қарабасова.

    Заманауи технологиялар дәрігерлерге жұқпалы ауруларды уақытылы анықтауға, емдеуді ерте бастауға және терапияны дұрыс тағайындауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда бактериологиялық зертхана қаланың 32 медициналық ұйымына қызмет көрсетеді.

    Шымкенттегі перинаталдық орталықта бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.