jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбе облысында ауруханада істеген мейірбикеден туберкулез анықталған

    аурухана
    Аурухана. Видеодан кадр: ktk.kz

    Ақтөбеде облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде былтыр жатқан балалар жаппай тексеріліп жатыр. Себебі осында жұмыс істеген мейірбикеден туберкулездің ашық түрі анықталған, деп хабарлайды KTK арнасы.

    Телеарнаның хабарлауынша, өңірдегі балалар ауруханасында тексеріс жиілеген. Жыл аяғынан бері жансақтау бөліміндегі 55 медициналық қызметкер бақылауда. Себебі олар да әріптестерінен өкпе ауруын жұқтыруы мүмкін деген күдік болған. Бірақ бәрі дін аман.

    БАҚ енді осында емделген 769 бала рентгеннен өткізіліп, дәрігерлер бақылауына алынғанын хабарлады. Ауру анықталған мейірбике жұмысқа тұрғанына бір жыл енді болған жас маман екен. Күзде ауырып, пневмониядан емделген. Желтоқсанда туберкулездің ашық түрін жұқтырғаны нақтыланды. 

    Ақтөбе облысы балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Қожин аурудың қалай анықталғанын айтты.

    "Өзіміз тексеріс өткізгенде анықталды. Бірден оқшауладық. Қазір емделіп жатыр, әлі он-он екі күн туберкулезге қарсы диспансерде жатады. Жақсы қызметкер. Қыркүйек айынан бастап денсауылғы сыр бере бастады", - дейді бас дәрігер.

    Дереккөз: КТК арнасы

    Ақтөбе облысында ауруханада істеген мейірбикеден туберкулез анықталған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.