jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Бойы – 61 см": Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді

    нәрестенің табаны
    Нәресте. Көрнекі фото: pexels.com

    Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық перинатальдық орталықтың Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығында, Маңғыстау ауданының тұрғыны салмағы 5760,0 грамм, бойы – 61 см болатын алып сәбиді дүниеге әкелді. Дүниежүзілік акушерлік практикада бұл "алып ұрық" деп аталады", - делінген хабарламада.

    Перинатальдық орталықтың баспасөз қызметі нәресте отбасындағы екінші бала екенін, анасы тұңғышын да 2022 жылы 4320,0 грамм салмақпен босанғанын атап өтті.

    "Анасында гестациялық қант диабеті болған. Қазіргі таңда анасы мен баласының жағдайы қанағаттанарлық, тұрақты. Дәрігерлердің жіті бақылауында", - деп қосты Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығының өкілдері.

    "Бойы – 61 см": Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.