jitsu gif
Денсаулық

    "Астана – Жезқазған" бағытындағы пойызда қыз бала дүниеге келді

    Нәрестенің қолы
    Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

    27 мамырда №66 "Астана – Жезқазған" бағытындағы пойызда қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "ҚТЖ"-ның мәліметінше, жүктілігінің соңғы кезеңінде болған жолаушы сапар кезінде толғақ басталғанын сезіп, жолсеріктерден жедел көмек сұраған.

    Пойыз бастығы Киікбай Маханов пен вагон жолсерігі Алтынай Ғафиуллина шұғыл түрде әрекет етіп, босануға қолайлы жағдай жасау үшін қызметтік нұсқаулыққа сай барлық қажетті шараны қабылдаған.

    Сонымен қатар көмекке Сәтпаев қаласынан шыққан фельдшер мен балабақшада жұмыс істейтін жолаушылар да атсалысқан. Пойыз бригадасы мен жолаушылардың үйлесімді әрекетінің нәтижесінде 06:20-да қыз бала аман-есен дүниеге келген.

    Жеңіс станциясына жедел жәрдем тобы алдын ала шақырылып, пойыз келген бетте ана мен жаңа туған сәби медициналық бақылауға алынған.

    Жаңа туған сәбидің әкесі дер кезінде көмек көрсеткен барлық азаматқа алғысын айтып, қыздарын Асылым деп атағанын хабарлаған.

    Айта кетейік, пойыз бригадаларының қызметкерлері үнемі алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша арнайы дайындықтан өтеді. Соңғы 3 жыл ішінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарында 15 сәби дүниеге келген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.