jitsu gif
Денсаулық

    Димаш Құдайбергеннің анасы Рәміздер күні дүние есігін ашқан елордалық сәбилерге сыйлық берді

    Рәміздер күні дүниеге келген сәби
    Светлана Айтбаева елордалық сәбилерге сыйлық жасады. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты

    Астанада бүгін, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні дүние есігін ашқан сәбилердің ата-аналарына сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның хабарлауынша, іс-шара елордадағы №3 перинаталдық орталықта өтті.

    Мерекелік шараға министрлік өкілдері және Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Светлана Айтбаева арнайы қатысты.

    "Мереке күні өмірге келген сәбилер мен олардың аналарына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атынан құттықтау хаттары мен сыйлықтар табысталды.

    Светлана Айтбаева әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің арнайы қолтаңбасы бар сыйлықтарды да тарту етті. Жас аналарға жылы лебіздерін жеткізіп, сәбилерге ұзақ ғұмыр тіледі", - делінген хабарламада.

    Іс-шараның негізгі мақсаты рәміздер күнінің маңызын ұғындыра отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру, отбасылық құндылықтар мен жаңа өмірдің бастауын елдік мүддемен байланыстыру болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.